Төлеби ауданындағы Қазақстан» және «Алатау» ауылдарында таңның атысы күннің батысы қызу тірлік. Энергетиктер тынымсыз еңбек етіп жатыр. Электртаратқыштардың жаңа желісін тартып жатыр. Ауылдықтар енді жарықсыз қалмасы анық.
Есмахан Нұрашев, зейнеткер: «Қатты жел тұрса, жарығымыз сөніп қала беретін. Ескі электр бағандары құлап қалатын. Қазір энергетиктер бәрін жаңартты. Ондай проблема жоқ. Қай кезде болмасын электр энергиясын үздіксіз алып келеміз».
Ауылдық әкімдіктегілер де жұмыс жеңілдеп қалатын болды десіп жүр. Ендігі жерде шағымның да азаяры даусыз.
Есімхан Айтжанов, ауыл әкімі: «»Оңтүстік ЖарықТранзит» бізге ауқымды мәселемізді шешіп берді. Жел тұрса, электр желілері айқасып үзіліп, жарық сөніп қала беретін еді. Енді тұрғындар рахаттанып электр жарығын пайдалана алып отыр. Бұл өз кезегінде көптеген мәселені шешеді ауылда. »
Төлеби ауданында инвестициялық бағдарлама негізінде трансформаторлар да ауыстырылып жатыр. Қуаттылық артқан сайын, тұтынушылар қатары көбеюдейіп жатыр. Өйткені барлық электртаратқыштар жаңартылған.
Жарық жұмысын жандандырып жатқандарға ауылдықтар да дән риза. Жөндеу жұмыстарының кезінде де жарық бір сөнбеген. Жаңа желілер ескілермен қатар жүргізіліп, еш ақаусыз қосылып жатыр.