Біздің арна тілшілері облыс әкімінен қалалық маслихат депутаты Нұрғазы Бұхарбаевтың мәлімдемесі турасында пікірін сұрады. Асқар Мырзахметов депутаттың бұл әрекетінің қандай негізде жасалғанынан хабарсыз екенін айтты. «Нұр Отан» партиясының ашық қоғамдық қабылдауында тұрғындардың сауалдарын тыңдап, жауабын берген Асқар Исабекұлы облыс әкімдігінің есігі әрқашан депутаттың әрбіріне ашық екенін де нақтылады.
Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, облыс әкімі: «Менің бұл жерде түсінбей отырғаным, ол Бұхарбаев мырзаңыз депутат ретінде айталық әкімшілікке, қаланың әкімдігі ме, облыстың әкімдігі ме кіруіне мүмкіндігі мол, депутат ретінде. Екіншіден, біз тек депутатты емес, келген адамның бәрін қабылдап отырмыз. Ол жерде жар салып, брифинг өткізіп, ойбай, осындай болып жатыр демей, келіп айтса, онда түсінуге болатын еді. Мен шынымды айтсам, оны түсінбей отырмын. Неге келмейсің? Проблема болатын болса, неге анау құқыққорғау органдарына арнайы заңға сәйкес өтінішіңді бермедің? Ең болмаса, сол жерде уәжіңді айтпадың? Маған болатын болса, маған келіп неге айтпадың? Осылай жасауға бола ма, мысалы да?! Біз ештеңе білмейміз. Ол қандай мәселе? Оған кімдер қысым жасап отыр? Пресса арқылы облыс әкіміне осындай деп… Бұл енді… Мен не бір жаққа кетіп қалдым ба? Отырмын ғой мына жерде егер ондай болатын болса. Содан кейін Ішкі істер департаментінің басшылығына да хабарластым. Мынау не5ылған нәрсе. Білесіздер ме деп. Олар да білмейміз дейді. Бізге ешқандай арыз түскен жоқ дейді. Содан кейін барып тапсырма бердім. Біл деп мына мәселені. Дабыра жаасамай білейік қандай нәрсе екенін. Содан кейін Заңға сәйкес шара көреміз».
Дархан САТЫПАЛДЫ, Шымкент қаласының әкімі: «Не себепті екенін өзі айтатын шығар. Біз оны әлі көрген жоқпыз».
Еске сала өтейік, 21 маусым күні «Отырар» ТА-ның баспасөз орталығына Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Нұрғазы Бұхарбаев келіп, журналистерге арнайы мәлімдеме жасаған болатын. Өз мәлімдемесінде халық қалаулысы өзін және отбасын қорғауды облыс әкімінен және құқыққорғау қызметкерлерінен өтінді. Бұл туралы толық ақпаратты мына сілтемеден оқи аласыз. http://kz.otyrar.kz/2013/06/deputat-%D2%9Bor%D2%93audy-s%D2%B1rajdy/
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=J1ZNjCYDshc[/youtube]