Өндірілген электр энергиясын сақтай білу керек. Сонда ғана күннен алатын қуатты түнде де пайдалана аламыз. Бұл ретте Итальяндық кәсіпкерлердің өз ұсынысы бар. Итальяндық кәсіпкер Джанни Форабоскидің компаниясы қуатты сақтаушы жаңа аккумулятор ойлап тапқан. Соны технологияны өнідіріске пайдалану ісін Қазақстаннан бастау үшін облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевпен кездесті.
Әлемде қуатты сақтау технологиясы бар. Бірақ ол өте қымбат. Ал итальяндықтардың ұсынған жаңа жобасы оңай әрі арзан. Сондықтан бұл келісім Оңтүстік үшін өте тиімді болмақ. Егер бұл жаңалықта оңды нәтижеге жетер болсақ, Қазақстанның әлем алдында ұпайы артатын болады.
Оңтүстікте 100 Мегаваттық электр станцияларын салу жоспарлануда. Судан, желден және күннен алынбақ қуаттардың ішінде ғалымдар күннен келетін қуаттың тиімді екенін айтады. Егер пилоттық жоба оңды шықса Итальяндық ғалымдардың атын жер-жаһанға тарайтын болады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=5ceocJS6ieU[/youtube]
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=1RXpEA7EhB8[/youtube]
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=eSPvAGpLxz0[/youtube]