Шымкент қаласындағы Нәзір Төреқұлов көшесі, 15-үйде орналасқан «Оңтүстік Рабат» және «Рабат» газеттерінің редакциясында Жазылушылар күні өтіп жатыр. Басылым ұжымы өз оқырмандарына арналған бұл іс-шараны таңертеңгі сағат 9:00-ден бастап жіберді.
Бұл күні редакция қызметкерлерінің барлығы оқырмандарына қызмет көрсетіп жатыр. Тұрғындарға сүйікті басылымдарына дәл осы күні 10 %-дық жеңілдікпен жазылуға мүмкіндік бар. Бұған қоса әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі, «Ернұр-Пресс» компаниясы мен заңгерлерден, дәрігерлерден кеңес алуға болады.
Тіпті, басылым редакциясына банк қызметкерлері де келді. Олар өздерінің қызметтеріне қызығушылық танытқан әрбір қала тұрғынына жадынама таратуда.
Бұған қоса редакцияның ауласында тұтас жәрмеңке ұйымдастырылған. Түрі сусындар, шұжық өнімдері мен құс еті дейсіз бе, барлығы да осында табылады. Яғни, бұл күні газетке жазылуға келген оқырман үйіне қажетті азық-түлігін де алып кете алады.
Жазылушылар күні бүгін сағат 16:00-ге дейін жалғасады. Олай болса, сіз әлі де редакцияға келіп үлгересіз, құрметті оқырман!
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=4InB577z3ps[/youtube]