«Оңтүстіктің 1000 әні мен 1000 термесі» жинағы шығады

923
дәстүрлі әндер дәріптелу деңгейі талқыланып жатыр
дәстүрлі әндер дәріптелу деңгейі  талқыланып жатыр
Оңтүстік Қазақстан облысында дәстүрлі әндер дәріптелу деңгейі талқыланып жатыр

«Оңтүстіктің мың әні мен мың термесі» атты жинақты басып шығару жоспарлануда. Бұл туралы бүгін облыстық филармонияда өткен жиында айтылды. ОҚО әкімдігі ұйымдастырған басқосуда дәстүрлі өнер жанашырлары халықтық ән мен күйдің жай күйін талқылады. Дәстүрлі өнерді өзек еткен басқосу мәдениеттің тізгігін ұстаған басшының баяндамасымен басталды. Басқарма басшысының ежіктеп оқыған баяндамасынан жиналғандар ғана емес, облыс әкімі орынбасарының өзі жалығып кете жаздады.

Талай ғасыр көші көмескілетсе де , халықтық көнермеген ән мен күйді дәріптеуді мықтап қолға алыпты облыс басшылығы. Келісу керек, ел қуанатын бастама.

Әли Бектаев, облыс әкімінің оырнбасары: «Талай халық әндері мен күйлері талайлардың көңіл сандығында ғана сақталып қалған шығар. Кейбір мәдениет ошақтарында ғана орындалып жүргені бар. Міне, соның бәрін жинақтап, кейінгіге ұсыну, жас әнші күйшіге үйрету біздің негізгі мақсатымыз».

Бүгінгі жалма-жұлма әнсымақтар саф өнерді алмастыра алмасы анық. Дәстүрлі әнге тек дәріптеу жетіспейді дейді осы өнердің дәнін шаққан кәсібилер. «Оңтүстіктің дәстүрлі мың әні мен мың термесін» жинақ етіп шығаруға мәдени мұра жетерлік. Енді осы ен байлықты дәріптеп, болашққа табыстау қуанарлық іс деп ағынан жарылды жыршы термешілердің өзі.

Көмейіне бұлбұл қонақтаған жезтаңдай әншілер мен шанағынан күмбір күй төгілген күйшілер көнерген өнерді өлтірместен бүгінге табыстай алды. Алтын қорда 5 мың күй, 12 мың дәстүрлі ән сақталыпты. Ендігі іс бүгіннің еншісінде.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=U149Po3KiQg[/youtube]