Облыстық ішкі істер департаменті тілшілерді құттықтады

452
Сөз - тілшілерде!

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері өңірдегі тілшілерді төл мерекелерімен құттықтады. «Абай» саябағындағы «Колизей» мейрамханасына жергілікті телеарна және газеттердің журналистерінен бастап, республикалық телеарналардың меншікті тілшілері де толық құраммен жиналды. Араларында операторлар мен бейнеинженерлер де бар. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін ішкі істер департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат, кадр басқармаларының басшыларының өздері құттықтап, сый-кәделерін тарту етті.

Алдымен тілшілер мерекелік дастарханнан дәм ауыз тиді
Алдымен тілшілер мерекелік дастарханнан дәм ауыз тиді

Одан кейін полицейлер тілшілерді ортаға шақырып, сөз тізгінін ұсынды. «Отырар», «Қазақстан-Шымкент», «Хабар», 24 kz», «Қазақстан», «КТК», «7-арна», «Астана», «1-арна Евразия» секілді телеарналардың журналистері өздерін құрметтеп, сыйлаған тәртіп сақшыларына алғыстарын жеткізді.

Сөз - тілшілерде!
Сөз — тілшілерде!

Айта кету керек, осындағы тілшілер мен оператор, бейнеинженерлердің біразы «Отырар» телеарнасының түлектері. Нақты айтқанда, мерекелік дастархан басына жиналған журналистердің кемінде 12-сі «Отырар» телеарнасында жұмыс істеп, шеберлігін шыңдаған.

"Отырар" телеарнасындағы "Шұғыл шақырылым" бағдарламасының тілшілері
«Отырар» телеарнасындағы «Шұғыл шақырылым» бағдарламасының тілшілері