Облыс әкімдігіндегі кездесу

Шымкентке Қазатомпром ұлттық акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Владимир Школьник бастаған делегация келді. Облыс әкімдігінде өңір басшылары мен қонақтар арасында кездесу ұйымдастырылды. Онда алдағы уақытта бірігіп атқарылатын жобалар жайы талқыланды.

Облыс әкімдігіндегі кездесу
Облыс әкімдігіндегі кездесу

Басқосу соңынан компания басшылығы мен облыс әкімдігі екі жақты меморандумға қол қоятын болып келісті. Оның нәтижесінде Шымкенттің жаңа әкімшілік орталығында 200 орындық кәсіптік-техникалық лицей салынады деп күтілуде. Бұған қоса облыс аумағында қуаты 36 мегаваттық күн сәулелі электр станциясының құрылысы жүргізілмек. Айта кету керек, облыс әкімдігі мен Қазатомпром арасындағы меморандум аясында 2010-2012 жылдары жалпы құны 2,5 млрд теңгеден асатын 14 жоба іске асырылған.