«Павлодар-Туркістан» пойызы қатынауда. Павлодар, Астана, Қарағанды, Жамбыл, Шымкент қалалары арқылы Түркістанға қатынайтын бұл пойыздың жолда жүру уақыты — 35 сағат. Күнара, аптаның тақ күндері жолға шығатын пойыз 500-ге жуық жолаушыны қасиетті Түркістан шаһарына жеткізуде. Павлодардан келген қонақтарға әсіресе Түркістандағы тәулік бойы жұмыс істейтін «Қуаныш» базары ұнайтын көрінеді. Мұндағы бағаның арзандығын, әрі кез-келген уақытта сатып алу мүмкіндігінің барын айтқан қонақтар осындай жаңа пойыздың ұйымдастырылғанына дән риза.