Еңбекші аудандық ІІБ қызметкерлері заңсыз сауда орындарына қарсы күрес бастады. Бұгін таңертеңнен тәртіп сақшыдары рейдке шықты. Полицейлер заңсыз сауда жасап жатқан алты адамды ұстады. Жоғары базар мен Айна базарының маңында заңсыз сауданың қызғаны қашан?!
Ішкі істер саласының мамандарының аптасына екі рет рейд жасағаны мәселені шешпей отыр. Заңсыз сауда орындарында тауар сатып дәніккендер полицейлердің ескертуін елеместен, орындарына қайта оралудан қайтпақ емес.
Болат Мүсірәлиев, Еңбекші аудандық ІІБ бастығының орынбасары: «Біз апта сайын күн құрғатпай осындай рейдтер ұйымдасытырп отырамыз. «Айна» базары мен «Қырғы базар», Адырбеков көшсінің бойы заңсыз сауданың орталығына айналып кетеді. Ескерту жасап, қуып шығасың, екі күннен соң қайта сол заңсыз сауда жасаушылар қайта сол орнына келіп алғаны…»