Осылай деген түркістандық Әсетулла Каримов ақсақал Елбасымен бірге оқыған жылдарынан естелік сыр ашты. Н.Назарбаевтың студенттік жылдары мен кімге ғашық болғаны жайлы білгіңіз келсе, «Оңтүстік Рабат» газетінің жаңа 24 нөмірінен оқуыңызға болады.
Сонымен бірге, екі бүйрегі істемей қалған азаматтың аянышты тағдыры сөз болады.
«Облыстағы құқық қорғау органдарын кімдер басқарып отыр, оларға қалай хабарласуға болады?» деген оқырмандардың өтінішін де осы нөмірде орындауға тырыстық.
Қазығұртта жұмыссыздық қалай азайды?
Инсульттан емдейтін дәрі қанша тұрады?
Баспаналы болудың жолдары қандай?
осы сауалдарға кеңес бере отырып, Оңтүстікте жер сілкіне қалса қай аудан қанша балдық зілзалаға төтеп бере алады? деген мәселені көтеріп отырмыз. Облыстың сейсмологиялық картасын назарларыңызға ұсындық.
Қажымұқандай балуан шыққан Ордабасы ауданында спортқа көңіл бөлінбей отыр. Спорт залы жоқ мектептер, спорт алаңқайы жоқ ауылдар бар.
Ауызсу мен жарықтың жырын айтып мұң шаққан ағайын мен үзілген электр сымына түсіп перзентінен айрылған отбасының зарын биліктің құлағына жеткізуге тырыстық.
Қарабұлақтағы қоқысханадан шыққан иіске тұншыққандардың зарын тыңдамақ түгілі «журналистерге арызданып, шағымдана берсен көзіңді құртамыз» деп қоқан-лоққы көрсетушілер де табылуда екен.
Мұны да осы нөмірде мәселе етіп отырмыз.
«Шындықтың қайнар бұлағы, халықтың көзі-құлағы» болған абсылымды алып оқыңыздар.