жертөлелер қоқысқа тола

Асқаров көшесіндегі №43 шағын отбасылы жатақхана тұрғындары жылдар бойы қордаланған жертөле мәселелерін шешті. Еске сала кетейік, кәріз қалдықтарына толған жертөленің мәселесі санитар мамандар мен су берушілерді алаңдатқан. Енді «Су ресурстары-маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз тарапынан құбырларды ауыстырып, жертөлені тегін тазалауға бел буыпты.

 

жертөле
жертөле

Асқаров көшесіндегі шағын отбасылы жатақхана кәріз қалдықтарынан енді зардап шекпейтін болды. Олар «Cу ресурстары-маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктістігімен бір келісімге келді. Мамандар алдағы төрт айдың ішінде барлық құбырларды ауыстыруға уәде беріп отыр.

Бұл жертөле екі жылдан бері тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіріп келген. Кәріз қалдықтары жұқпалы ауру таратуы мүмкін деп санитарларда дабыл қаққан болатын. Сондықтан да «Су ресурстары-маркетинг» мекемесінің мамандары бейжай қарай алмапты.

қоқысқа толы жертөле
қоқысқа толы жертөле

Зарина Жаппарқұлова,  учаске инженері: «Бар жауапкершілікті мойнымызға аламыз. Тек тұрғындар келісімге келсе болғаны. Екі жылдан бері ауызсуды өшіреміз деп келдік. Өйткені кәріс қалдығы толған жертөледе құбырлар тесілген».

Шағын отбасылы жатақхана тұрғындары келісім-шартқа қол қойса болғаны, мамандар іске кірісуге дайын.