Шымкент-коммуналдық проблемасы көп қала

Тұрғындардан арыз-шағым көп түсе бергеннен соң билік партиясының қалалық филиалы да ашық қоғамдық қабылдау ұйымдастыруды шешкен
Тұрғындардан арыз-шағым көп түсе бергеннен соң билік партиясының қалалық филиалы да ашық қоғамдық қабылдау ұйымдастыруды шешкен
Тұрғындардан арыз-шағым көп түсе бергеннен соң билік партиясының қалалық филиалы да ашық қоғамдық қабылдау ұйымдастыруды шешкен

Коммуналдық проблемасы ең көп қала. «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалына келген шағымданушылар бүгін Шымкентті осылай атады. Олай деуге негіз бар. Өйткені, ашық қабылдауға келген 25 азаматтың басым бөлігі бүгін ауызсудың жыры мен жарық және газдың жәйі туралы келіпті. Сондай-ақ, бұл күні жер теліміндегі бірқатар проблемалар да сөз болды.

Айта өткен жөн, енді аптаның әр сәрсенбісінде «Нұр Отан» партиясының Шымкент филиалы қоғамдық қабылдау өткізетін болады. Өзіңізді алаңдатқан жәйттер мен жеке мәселелеріңізді ашық қабылдауға келу арқылы шешуге мүмкіндіктеріңіз бар.

Бас партияның өкілдері қабылдау күні салаға қатысты мамандардың барлығымен жүздесітіріп, ісіңіздің ілгері басуына атсалыспақ.

Нұрғали Омаров
Нұрғали Омаров

Нұрғали Омаров оралман болып Отанға оралғанда «Атамекен» бағдарламасы бойынша жер теліміне ие болады. Заң бойынша, қандасымыз ол жерді 5 жылдың ішінде өз атына рәсімдеуі шарт болатын. Алайда, күндегі күйбең оған мұрша бермесе керек. Уақытын өткізіп алып, енді жерсіз қалайын деп отыр.

Азаматтың бұл ісі заңға симағанымен, мамандар көмек беруге уәде етті. Көп балалы әке, қоғамдық қабылдаудан көңілді қайтты.

Билік партиясының қалалық филиалында өткен қабылдауда айтылған сынның көбі коммуналдық мәселелерге қатысты болды. Ауыз су мен жарыққа жарымағандар оларды қашан толықтай беріледі десе, коммуналдық желі жеткендері мердігерлердің сапасыз ісін жырлады.

Ашық қабылдауға бұл күні 25 шағымданушы келді. Партия жетекшілігі әрбір азаматты тиісті маманға жіберіп, ісін жеңілдетуге атсалысты. Айтпақшы, «Нұр отан» партиясының Шымкент филиалы енді аптаның әр сәрсенбісінде Әл-Фараби, Еңбекші және Абай аудандарындағы тұрғындардың арыз-шағымдарын қабылдайды. Келесі сәрсенбі құқыққорғау саласына арналады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=XtKfqg0ATwE[/youtube]