Шымкентте ҰБТ екі сағатқа кешігіп басталды

256
Ата-аналар шу шығарды
Ата-аналар шу шығарды
Ата-аналар шу шығарды

Бүгін Шымкенттегі Мардан Сапарбаев атындағы гуманитарлық институтында орналасқан№91 тест тапсыру пункті сынақты екі сағатқа кешігіп бастады. ҰБТ-ға алып кіруге болмайтын заттарды арқалай келген талапкерлердің жолы болмады. Тексеру құрылғысынан бір емес, бірнеше рет өткен бір оқушының өзі 15 минуттан тежеліп, кіру уақытын екі сағатқа созды.

Астанадан келген арнайы комиссия қатаң бақылауды қолға алыпты. Кіру уақыты созылса да, тыйым салынған ұялы телефон мен калькуляторды тәркілеп әлек. Ал түлектер  белгіленген заңды елейтін емес. Қос-қостан ұялы телефон ұстап, сынақта сол құрылғылардың көмегіне жүгінбек.  Ойлағандары іске аспағандықтан, сыртта ата-аналар тарапынан шу шықты.

Ғазиз Тайгамитов, министрлік өкілі: «Уақытты метептердегі техникалық хатшылар созды. Бізге кедергі жасап, ұялы телефонды тастап кел деген балаға қайта қыстырып жібереді. Бір баланың өзі бес-алты мәрте металл іздегіш рамкадан өтеді. Қалталарындағысын тастағысы келмейді».

ҰБТ-ны кеш бастаса да, барлығы талапқа сай өтеді деп сендірді арнайы комиссия. Бірақ ата-аналарға деп қойылған тыстағы экрандар жұмыс істемей тұр.  Қазір бітірушілер алдағы 3,5 сағатта 125 сұраққа жауап бермек. Нәтижесі кешкі 5-те мәлім болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Z_5yc0bW3_M[/youtube]