Шымкентте Полицейлер күні атап өтілді

312
Еңбегі еленген полицейлерді департаменттің басшылығы құттықтауда

Шымкентте Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Оған облыс әкімі Асқар Мырзахметов, ішкі істер саласының қызметкерлері мен ардагерлері, күш құрылымдарының өкілдері және қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан полицейлердің жұбайлары қатысты. Жиналғандар алдымен әскери қару жарақтар мен техникалардың көрмесін тамашалады.

Облыс әкімі полицейлердің құрал-жабдықтарымен танысуда
Облыс әкімі полицейлердің құрал-жабдықтарымен танысуда

Соңғы жылдары қоғамдық тәртіпті күзетіп жүрген полицейлерді соңғы үлгідегі сапалы құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету ісі жолға қойылған. Мәселен, құны 1 миллион АҚШ доллары тұратын командалық штабтық машинаның қылмыстың бетін ашуда көмегі көп тиюде.

Жеңіс Мәліков, Бәйдібек аудандық ІІБ бастығы
Жеңіс Мәліков, Бәйдібек аудандық ІІБ бастығы

 «Қылмыстық топтың жетекшісі, Тайсон лақап атты ұстау барысында бізге, полиция қызметкерлеріне пистолет қаруынан оқ қолданып, біз оны бүкіл өзіміздің ұстау барысында қолданатын тәсілдерімізді пайдаланып, қылмыскерді ұстадық, деп тсүіндіреді Жеңіс Мәліков, Бәйдібек аудандық ІІБ бастығы. — Қылмыскер өз қылмысын толық мойындап, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Қазақстан полициясына 21 жыл толып отыр. Осы төл мерекемен бүкіл барлық полиция қызметкерлерін, басшылық, жеке құрамды шын жүректен құттықтаймын!»

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=gcf9fkAtf9U[/youtube]

Биыл жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысында 11 мыңнан артық қылмыс тіркеліп, оның жартысынан астамы ізі суымай ашылған. Жалпы, тәртіп сақшылары соңғы уақытта аса ауыр қылмыстардың 70 пайызы ізі суымай ашылып отырғанын айтады. Ал бүгінгі мерекелік шарада үздік көрсеткіштері үшін 23 қызметкер әр түрлі марапаттарға ие болды. Оларға кезектен тыс әскери атақтар, медальдар, Құрмет Грамоталары табысталды.

Еңбегі еленген полицейлерді департаменттің басшылығы құттықтауда
Еңбегі еленген полицейлерді департаменттің басшылығы құттықтауда