Jańalyqtar «Студенттік көктем» фестивалі үздіктерді анықтады Móldir Bekeeva - 17.06.2013 752 Гүл шоқтары мен құрметке бөленген үздік студенттер мен ұстаздар келесі жылы да осындай жеімісті нәтижелерге қол жеткіземіз деп мақсат қойып отыр Бұл студенттер кешінің өнерпаздары. Фестивальдің сәнін де мәнін де кіргізетін студенттер ғана емес, өнер иелерінің де орны ерекше Студенттер бұл күні әдеттегідей оқу орнына емес, денросаябаққа ағылды. Әне-міне дегенше жазғы сессия да аяқталып келеді. Студенттік өмірдің қызығы мен шыжығын бастан өткеріп жүрген жастолқынның мұндай көрінісіне сүйсініп қарағандар да аз емес. Тіпті, сол шақты езу тарта еске алғандары да болды. Талғат Жорабаев, әнші: «Бәріміз студент болдық қой енді. Студенттік кез ең керемет кездеріміз деп айта аламын. Мен үшін солай енді. Өмірімдегі қызықты сәттер де сол шақтарда болды. Ер жетіп, жан-жағыңа қараған, үлкен өмірге жол бастаған сәттерім-ай деймін. Білесіздер ме, сол кездерге қайта оралғым келеді. Мәселен, ашыққаннан балдармен отырып «майонезбен» нан жеген кездерімізді ешқашан ұмытпаймын. Ол ешкімге құпия емес шығар. Ол барлық студенттік басынан өтетін жағдай. Мынау студенттік шақтың құрметіне өтіп жатқан шара жоғары дәрежеде ұйымдастырылыпты. Студенттерге тілейтінім, сабақтарыңызды әрқашанда жақсы, қызыл дипломмен бітіріңіздер деймін». Би, ән, қолөнер, көңілді тапқырлар. «Студенттік көктем» фестивалі жыл бойы өнер және шығармашылығымен көзге түскен студенттер құрметіне арналып отыр. Олардың ішінде дүбірлі додаларда қаламыздың мерейін асырып, жүлделі орындармен оралғандары да бар. Омарова Меруерт, студент: «Студенттік өмірім өте тамаша өтіп жатыр деп айта аламын. Қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Бірақ ондай қиындықтарды достарыңмен бөлісіп, күнді бірге көріп жүрген соң жеңіп жүрміз. Сессия дегендей. Өзім үшін оқу жылы өте сәтті аяқталды. Кураторымды құрметтеймін, топтастарымды жақсы көремін». Кеш аясындағы жас әншілердің шарықтата орындаған әні бізді ғана емес, шетелдіктерді де үлкен сахнада тамсандырған. Таң қалдырған. Роза апамыздың ізбасарлары болса керек. Көпшілік сахнадан көз алмай, өнерлі студенттер мен кеш қонақтарына тәнті болып отыр. Оларға қарап өткенін еске алып отырғандар да жетерлік. Айтпақшы фестивалге көңілді тапқырлардың өнерпаздары да арнайы шақырылған. Олар ыстық әзілдерімен көрермендерді қарқ қылды. Кештің сәнін кіргізген өнерпаздарға баршасы дән риза. «Шымкент жастары» құрамасы «Бізде жалпы студенттік өмірде қызықтар өте көп болды. Біздің студенттік шағымыз КВН құрамамызбен тікелей байланысты. Сол бір қызықты сәттердің бірі ойынға дайындық алдында «актовый залда» ұйықтап қалғанымыз. Сонымен қоса, ұстаздарымыздан ұрыс естіп, ертеңіне сабақтарымыздың барлығын 5-пен бітіргеніміз біз үшін өте қызықты жәйттер» деп ағынан жарылды жұртшылық алдында. Жастар саясатын жүзеге асыруда, студенттердің өмірінің қызықты өтуіне үлесімізді қосып жүрміз. Бұл біздің парызымыз деп білеміз дейді ұйымдастырушылар. «Студенттік көктем» фестивалі осының куәсі болса керек. Мәдени шара аясында патриоттық, лирикалық әндермен бірге ретро әндер де орындалды. Жастар өзгелерге де мерекелік көңіл күй сыйлау үшін аянып қалмады. — Фестивальге шашуымыз, студенттік шақ ұмытылмайды, дейді олар. Замандастарының өнеріне тәнті болып отырғандар қол соғып, қошемет көрсетіп отырды. Бұл сәттерде кеш жүргізушілері барша студентке ақ тілек жолдап, келесі өнерпаздың есімін жариялап жатты Көрермендер тіпті түрегеліп тұрып кешті тамашалады. Сағаттап тұрған олардың қызығушылығы арта түскен. Осылайша олар өнерпаздарға қол соғып, демеу болуды ұмыт қалдырмады Студенттер сахнасында «Арман» тобы, дәлірек айтсақ бұрынғы «Аршат» тобы да өнер көрсетті. Студенттер құрметіне. Сезімге толы лирикалық әндері саябақты әнімен тербеді Кешқұрым фестивальге келушілер саны арта түсті. Бұл студенттердің өнеріне, шығармашылыға деген көпшіліктің құрметі болса керек. Саябақты әнімен тербеген студенттер кештің сәнін кіргізді. Студенттік өмірдің мәртебесін көтерді осылай. Айтпақшы жыл бойы өнерімен өрлеп, спортта шеберлік танытқан студенттер алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мұндай марапттан оларды тәрбиелеген ұстаздар да шет қалмады. Студенттер құрметіне арналған мәдени шара болашақта жалғасын табады дейді ұйымдастырушылар . Гүл шоқтары мен ыстық құрметке бөленген үздік студенттер, ұстаздар келесі жылы да осындай жеімісті нәтижелерге қол жеткіземіз деп мақсат қойып отыр [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=t708YMkHyHs[/youtube]