Түскі ас ішіп, науқас балаларға көмектесіңіз

336
Қайырымдылық түскі ас шақырады
Қайырымдылық түскі ас шақырады
Қайырымдылық түскі ас шақырады

Еріктілер қайырымдылық акциясын ұйымдастыруды жалғастыруда. Олар қаламыздағы мейрамханаларда қамқорлық түскі ас шарасын қолға алыпты. Түскен қаржыны жүрек талмасы ауруына шалдыққан науқас балаларға жұмсамақ. Шарапаты мол шараға кәсіпкерлер, шенеуніктер мен қатар жоғарғы оқу орындарының ұжымдары арнайы шақырылған. Өз еркімен үлесін қосамын деушілерге есігіміз ашық дейді ұйымдастырушылар. Қонақтарға тек түскі астан түскен қаржы арқылы ғана емес, арнайы дайындалған жәшікке теңге салып, көмек қолын созуға мүмкіндік бар. Айтпақшы, науқас бүлдіршіндерге отаны еліміздің ең таңдаулы кардио-хирургтары жасайды деп жоспарланып отыр.

Саят Дәулетов, ұйымдастырушы: «Бұл біздің өткізген алғашқы қайырымдылық түскі асымыз. Қобалжып жүрміз. Облыс әкімі біздің бастамамызды қолдап отыр. Әзірге қанша қаржы жиналатыны белгісіз. Бірақ балалар денсаулығы бәрінен қымбат. Операция өңіріміздегі кардиологиялық ауруханада жасалатын болады».

Алғашқы түскі асқа асығып келгендердің де қарасы қалың болды. Тіпті сол балалардың тұрғылықты мекен жайын сұрастырғандар да аз емес. Қайырымдылық шараларға белсене атсалысып тұрамын, бүгінгі балалардың жәй-күйін ести сала біздің университет те қарап қалмады, дейді ұстаз Пірәлі Жармұханбетов.

Пірәлі Жармұханбетов: «Біз де өзіміздің үлесімізді қосайық деп келіп отырмыз. Осындай жағдайды түсіндіргеннен кейін, Қазақстанның азаматы, патриоттары ретінде осы өзіміздің жас балаларды, нәрестелерді, солардың денсаулығын түзетуге өзіміздің кішкене болса да қол ұшын созайық деп деген ниетпен келіп отырған жағдайымыз бар. Сол жас балалардың барлығына ота жасалса, солардың бәрі денсаулығы түзеледі деген үлкен сенімдеміз. Сонымен қоса ол балақайлардың дені сау балалардың қатарын толықтыруына шын ниетпен тілектеспіз».

Аталған түскі ас шарасы әлі жалғасады. Себебі балалардың денсаулығы үшін керек қаржы қомақты. Ұйымдастырушылар егер келуші қонақтар саны азайса, сұраныспен шығатынын жасырмай отыр. Ал қаржылық реттеу барысын облыс әкімшілігі қадағалайды дейді олар.