23- маусым ҚР полиция күні. Осыған орай, бүгін ІІМ-нің қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ОҚО бойынша департаменті кәсіби мерекелерін салтанатты түрде атап өтті. Еткен еңбектің жемісін көргендердің қуанышын бізде бөлістік.
Бүгін төл мерекелерін Оңтүстіктің түзету мекемелерінің қызметкерлері атап өтті. Қылмыстық атқару жүйесінде елеулі еңбегімен еленгендер марапатталды. Ардагерлер де ұмыт қалған жоқ.
Он жылдан бері осы жүйеде еңбек етіп жүрген Айнұр Бағланқызы да бүгін марапатталды. Тәртіп сақшысы болуды бала кезден арман еткен ару осыған дейін де талай жетістікке жеткенін айтады.
Айнұр Бағланқызы, департаменттің аға инспекторы: «Бала кезден осы мамандықты қаладым. Осы арман мені департаменке жеткетп келді. Осыған дейін де талай марапат алып үлгердім. Мұндай марапаттар бізге жұмысқа деген белсенділік сыйлайды».
Облыстың қылмыстық атқару жүйесі кәсбіи мерекені ауыз толтырып айтар табыстар мен қарсы алыпты. Су жаңа 30 қызметтік көлік, 8 қызметтік ит, 7 брдей заманауи үлгідегі электр дизелді қондырғы, тіпті психодиагностикалық қондырғы сатып алынған. Ең бастысы, шымкентте камералық үлгідегі жаңа типті түзету мекемесінің құрылысына 80га жер телімі бөлініпті. Мұның бәрі жүйенің жұмыс нәтижесін арттырады дейді тәртіп сақшылары.
Айдар Нұрсейітов, департаменттің штаб бөлімінің бастығы: «Қоғамның қай саласында болсын, оңай жұмыс жоқ. Бүгінде ОҚО-ның түзеу мекемелерінде 3000-нан аса жазасын өтеуші бар. Біздің міндет- елге адал қызмет ету».
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=gLfoPzl_CAY[/youtube]