Азық-түлікті тегін күзету, тегін сату алаңдары, тегін жарнамалау мен су тегін қойма. Осындай ұсыныстарымен Оңтүстік Қазақстан облысының шаруаларына Тараздық кәсіпкерлер келді.
Шералы Тоғызбаев, Тараз қаласындағы «Атамекен» сауда орталығының директоры: «Оңтүстіктен келетін көкөністер мен жеміс-жидектер ең бірінші кезекте Тараз мен Жамбыл облысындағы тұрмысы төмен отбасыларына қолжетімді болады».
Шымкенттік шаруалар үшін көршілес кәсіпкерлердің ұсынысы ұнаса керек, кездесудің өзінде ақ, екі жақты меморандумға қол қойылып, 200 тонна көкөніс пен жеміс-жидекті жеткізу жайы шешілді. Ал облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшылығы ауылшаруашылық тауарларын басқа облысқа апарғаннан біздікілер жапа шекпейтінін түсіндірді.
Қанатбек Оспанбеков, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы: «Біздің облыстың нарығына мұның ешқандай да кері әсері болмайды. Біз өзімізден артылғанын сататын боламыз. Көп азық-түлік өнімдерінің шаруашылық басында ақ жоғалып, құрып кететіні жасырын емес. Сондықтан басқарма жыл сайын түрлі мақсаттағы меморандумдарға қол қойып отырады. Былтыр Алматымен келісімге келсек, биыл ол да жалғасын табуда».
Ауылшаруашылық басқармасы өз кезегінде шаруаларды бірігуге шақырды. Мұның Таразға жеткізілетін азық-түліктерді үлкен және көтерме бағада өткізуде пайдасы бар. Сондай-ақ, қабылдау бекеттері мен логистикалық орталықтарды ұйымдастыруда қажеті бар.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=mFJCQQSUQ38[/youtube]