Жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар

309
Жұмыс берушілермен тілдесу
Жұмыс берушілермен тілдесу

Бүгін Шымкент қаласындағы Абай саябағында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен облыстық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің ұйымдастыруымен жалпыреспубликалық «Мамандықтар жәрмеңкесі» өтті. 2 жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған жәрмеңкенің бұл жолғы ерекшелігі – мұнда «талап етілетін кәсіптер» көрмесі қатар қойылды.

Жалпыреспубликалық "Мамандықтар жәрмеңкесін" облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев пен Шымкент қаласының әкімі  Дархан Сатыбалды аралады
Жалпыреспубликалық «Мамандықтар жәрмеңкесін» облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев пен Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалды аралады

Мақсат – жұмыс берушілер мен білім беру мекемелері арасында байланыс орнатып, кадр даярлау мәселелерін еңбек рыногындағы жұмыс күшінің қажеттілігіне сәйкес ұйымдастыру. Мамандардың айтуынша, мұндай іс шара оқу бітіргелі отырған жас мамандар үшін өз мамандықтарына лайықты жұмыс табуға оңтайлы мүмкіндік береді екен. Сондай-ақ, екі қолға бір күрек табалмай жүрген азаматтарға да өз септігін тигізбек.

Жұмыс берушілермен тілдесу
Жұмыс берушілермен тілдесу

Жәрмеңкеге облыс бойынша 29 оқу орындары өздерінің 250-ден астам мамандықтарын жарияласа, 809 жұмыс беруші 9820 жұмыс орындарын ұсынды. Ал, Шымкент қаласы бойынша 538 жұмыс беруші 7815 бос орындарын ұсынса, оның ішінде үдемелі индустриалық-инновациялық бағдарлама шеңберінде 21 жаңа кәсіпорын 890-ға жуық жұмыс орындарына маман іздеуде. Сала мамандарының айтуынша, бос орындар барлық жас мөлшеріндегі азаматтарға бар. Қолында дипломы барларға да, жоқтарға да, тіпті, жазасын енді өтеп келгендерге де жұмыс табылады екен. Жалақысы да — тұрақты көрінеді. 

Қатысушылардың дені көбін студенттер құрады
Қатысушылардың дені көбін студенттер құрады

Аталған жәрмеңке облыстың барлық аудандары мен қалларында ұйымдастырылып отыр.Осы орайда облыс деңгейінде арнайы штаб құрылып, жұмыстар жүргізілуде. Екі күндік жәрмеңкенің нәтижелері күнделікті онлайн режимінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ұсынылып, республика бойынша қорытындыланады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=nq54O9aKuNY[/youtube]