жаңғырту бағдарламасы бойынша салынған үйлердің сапасы
жаңғырту бағдарламасы бойынша салынған үйлердің сапасы
жаңғырту бағдарламасы бойынша салынған үйлердің сапасы

Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы аясындағы құрылыс жұмыстарына көңіліміз толмайды. Осыдан 2 жыл бұрын Қазыбек би көшесіндегі 32 «А» үйде жөндеу жүрген. Тұрғындар енді сапасыз атқарылғанның зардабын көріп отырмыз деп ашынады. Владимир Казберович су аққан шатырдан шаршағанын айтады. Төбе құлауға жақын деген еңбек мүгедегі бұл осыдан екі жыл бұрын жасалған жөндеу жұмыстарының жемісі дейді. 2011 жылы күзде жаңғырту бағдарламасы бойынша Қазыбек Би көшесіндегі  үйдің қасбеті мен шатыры жөнделген болатын. Былтыр көктемде құрылысшылармен шатырда орнатылған темір қоршауынан кейін жауын болса, төбемізден су сорғалап ағады дейді жоғары қабатта тұратындар .

Владимир Казберович, Қазыбек би көшесіндегі 32 «А» үйдің тұрғыны: «Шатырды жапқан құрылысшылардың кесірінен толассыз жаңбыр жауса судың астында қаламыз. Лоджияның төбесі жақын арада басымызға опырылып түседі. Жағдайымызды айтып облыс пен қала әкіміне дейін арыздандық. НұрОтандықтар да хабардар. Жақында біреулер келіп шатырдағы шұрқ тесікті жаптық енді су ақпайды деп кеткен. Көреміз жауын шашында не болатынын».

Мұндай жөндеу жұмыстарының көлемін төлеуден тұрғындар бас тартқаны. Туындаған күрделікті жергілікті биліктегілер шешуге ат салысты.

Әбдімәлік Балбаев, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім бастығы: «Хаттама түзілгенде шатыр мен үйдің қасбеті жасалады деп шешілген. Құрылыс барысында тұрғындар жұмысқа төлемейміз деп шықты. Сол кезде қала әкімі Арман Жетпісбаев олармен кездесіп, жағдайды түсіндірген. Алайда тұрғындар бір тиын бермейміз деген соң. Әкім  жасалынған жұмысты бұзбаймыз ғой деп, демеушілер есебінен 18 млн теңгені төлетті».

Құрылысшылардың жіберген кемшіліктерін тұрғындар енді өздері жөндейді.Ағымдағы жылы қала бойынша 90 үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Бұл мақсатта 1 млрд теңге де қарастырылуда. Алайда екінші тоқсан аяқталуға жақы, алайда қаржы кешеуілдеуде. Шымкент қаласындағы 1787 көп қабатты үйдің 947-і күрделі жөндеуді талап етеді.

Әбдімәлік Балбаев, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім бастығы: «2011 жылы Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20 жыл толғанына орай  қаланың орталығындағы үйлерді жөндеу жайында комиссиямен келісім алынған. Ол кезде Арман Жетпісбаев өтініш жасаған».

Биыл облыс бойынша сегіз қаладағы 54 көпқабатты үй жөндеуден өтеді деп жоспарлануда . Кентау, Жетісай, САрыағаш, Арыс, Шардара, Түркістанда тозығы жеткен үйлер кезегін күтуде. Алайда үйлерді атаулы даталарға және орталық көшелерде орналасқан үрдісі бойынша таңдалып жөнделсе, онда тізімдегі үйлер тозығы жетіп, пайдалануға жарамсыз болып қалмайды ма деген қауіп бар.