Осыдан бір жыл бұрын жол полициясы елімізде KZ белгісі мен Қазақстанның туы бар көлік нөмірлері енгізілілетіні туралы хабарлаған болатын. Бұл өзгерістің әлемдік тәжірибеге сүйеніп жасалғаны белгілі.
Бұрынғы әріптік белгілердің орнына сандар енгізілді. Біздің өңірімізге 13 нөмірі берілген болатын. Көпшілік сәтсіздік әкелуші сан деп ұғатын нөмір ғаламторда да қызу талқылаған. Дегенмен Шымкенттіктер 13-ші санын керісінше жолы болушылыққа балайды.
Әрі бүгінгі күнге дейін сандық белгіні рәсімдеуші жерлестеріміздің қатары қалың. Ал ескі нөмірді жаңасына ауыстырсын деген міндеттеме қойылмаған. Бұл туралы облыстық жол полициясы басқармасының тіркеу емтихан бөлімі бастығының орынбасары Ұласбек Оңласбекұлы айтты.
Ұласбек Оңласбекұлы, ОҚО ЖПБ тіркеу емтихан бөлімі бастығының орынбасары: «Жаңа мемлекеттік белгіге көшушілер аз емес. Бірақ, айта кету керек, қаланың жүргізушілері белсенділік танытуда. Әсіресе, көлікті сатып алушылар, бірден жаңа нөмір таққанды жөн көреді. Егер кімде-кім көлігіне жаңа белгі алғысы келсе, басқармаға арнайы келіп, өтініш жазады. Көлігін әкеліп техникалық бақылаудан өткізеді. Ескі нөмірін ала келеді».