«Сән – 2013». Оның ішінде жаз мезгілінің сәні. Ғаламторда осы тақырыпта көптеген талас туатыны белгілі. Сол себепті сәнқой бойжеткендер мен мамандардың кеңесіне жүгіндік.
Сәннен қалыс қалмайтын Дария Мейманханова жаздың ең сәнді көйлектерін іздеп жүр. 19 жасар ару талғам мен сәнді үйлестірмек, сол себепті кеңесшінің көмегіне жүгінді. Сұлулыққа жаны құмар сұлулар әр мезгілден ерекше сыйды күтеді. Міне, жаздың сәнін-сыйын білуге асық бойжеткен “Мың көркем” көйлекке көмілді де қалды. Бірақ сәннің аты – сән.
Дария Мейманханова: «Маған брендтік көйлектер ұнайды. Мен ешқашан сәннен қалмаймын. Жылдың әрбір мезгіліндегі сәнді киімдер менің гардеробымнан табылады. Стилист маман маған қазір көйлектер таңдап берді. Ашық түсті және жеңіл көйлектер маған да ұнаған сияқты. Жарасады деп ойлаймын. Қазір киемін…»
Биылғы жаз мезгілі киім сөресін жаңартқысы келетін аруларға өте тиімді дейді стилист мамандар. Себебі өткен жылдағыдай емес, жапсырма қалталары жоқ көйлектер сәнде. Ақ, сары, қызыл, ал қызыл, көгілдір түсті киімдер. Жаз үшін биыл қанық көгілдір түстің де орны ерекше. Оған ақ немесе қара жолақ түсуі де артық емес. Ал олардың формасы әр алуан. Бірінің етегі төгілген жинақы болса, екіншісініңкі трапеция үлгісінде болуы мүмкін. Ал ұзындығы өз талғамыңыздың еркінде. Дегенмен тізеден сәл ғана төмен немесе сәл ғана жоғары көйлектер жыл сәні екенін ұмытпайық. Ақ көйлектер де биылғы жаздың таңдауы. Белдемше қанаттары барлары да сұлу. Айтпақшы, жыл бойы сәннен түспей келе жатқан биссермен гүлдене тоқылған жағалылар да бар. Ал енді кешкі мерекелік көйлектерде қара түстің құмарпаздары үшін де жоғарыда айтылған үлгідегі көйлектерді таңдаңыз.
Дария ашық түсті, сәнді көйлектерді киіп, таңдауын жалғастыруда. Айта кетейік, биылғы жаз сәні ұзын көйлектерге қарсы қойылған. Айтарлықтай қысқа емес, тізеден сәл ғана түсер ұзындық. Сәнқой бойжеткенге бұл үлгілер ұнағанын байқадық, ол өз таңдауын жасаған сияқты.
Сұлу, жарасымды әрі сымбатты болып көрінуге сән көмектеседі. Бірақ оған қыруар қаржы қажет емес дейді мамандар.
Мәдина Жұмаділдаева, стилист-кеңесші: «Жаз шыққан кезде, көктем келгенде қыздардың барлығы жарқырап жүргісі келеді. Сән қуалаған адамдардың көбісі осы сәнді-сапалы киімге көп ақша керек деп ойлайды. Бірақ ол ондай емес. Ол әр адамның талғамына байланысты. Ал биылғы жаздың сәні тек ашық түстермен байланысты, мәселен сары, қанық көгілдер, тағысын… тағылар. Ұзын болуы аса қажет емес. Осы ашық, қанық түстер қыздардың бет келбетін ашып сұлуландырып жібереді».
[youtube]http://youtu.be/ayz4kcEp7Rg[/youtube]