Жетісайдың 1 мектебінен 29 «Алтын белгі» иегері шықты

706
Бұл жаңалық Мақтаралдың мәртебесін өсіргені анық
Бұл жаңалық Мақтаралдың мәртебесін өсіргені анық
Бұл жаңалық Мақтаралдың мәртебесін өсіргені анық

Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуде Оңтүстік Қазақстан облысы озық көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәселен республика бойынша бітірушілердің арасынан Шымкенттік Айда Ысқақ алғаш болып, 125 балл жинаса. Енді міне, Мақтарал ауданында бір білім ошағын отызға жуық бала мектепті алтын белгімен тәмамдап отыр.Мырзашөлдегі №6 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің толағай табысының құпиясын білмекке бәрі ынтық.

Өйткені мұғалімдердің үкілі үміті ақталып,мектеп бітірушілер үшін кітап құшып, ұйқысыз өткен түндердің артта қалған сәті. Биыл Момышұлы мектебінен ұлттық бірыңғай тестілеуге бітірушілердің барлығы қатысқан. Яғни 70 бала.Оның 81 пайызы 5, 19 пайызы 4 алыпты сынақ қортындысы бойынша. Ал үштік деген атымен жоқ. Шәкірттердің алды 122, арты 87 сауалға дұрыс жауап берген.

РАУШАН ҚУАНДЫҚ, ҰБТ-ден  122 балл иегері: «Қаза тілінен 24, орыс тілінен 24, тарих 25, математика 25 және химия 24 бал. Фармацевтика мамандығына түскім келеді. — Оның 70,80 проценті мұғалімдердің еңбегі әрине. Олар бізді оқытты, дайындады және қабылдап алған 15,20 проценті өзімнің еңбегім деп ойлаймын».

Иә, шынында да номері алтыншы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназияны бітірушілердің дені техникалық мамандықтарды таңдапты биыл. Ресми түрде алтын белгіден үміттілердің саны елуге жеткен. Сондықтан болар ұстаздар бұл маусымда қырық алтынды қанжығаға байлауды жоспарлаған.

АЯЗКҮЛ ЖАЙЛАЕВА,  Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназияның мұғалімі: » Біз енді биыл елу оқушы ұсынғанбыз. Соның 38,40-ы ақтайды деп үміттенген едік.Өкінішке орай міне 29. Енді соғанда құдайға шүкір қанағат қыламыз».

Білім ошағында қызмет ететін ұстаздардың дені Кеңес одағы кезінде педагогикалық институттарда оқыған, тәжірбиелі кадрлар. Сондықтан біз жылда жоғары көрсеткіштерге ие болудамыз. Себебі, өткен жылы да біздің он шәкіртіміз алтын белгі тағынған еді дейді мектеп басшысы.

ӨМІРХАН ҚОЗЫБАҚ, Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназияның директоры: «Мұндай көрсеткіштер бұрын соңды болғанба?29 алтынға қол жеткізу…? Жоқ ондай болған емес.Біздің ауданда болған емес. Облыста да болған жоқ шығар енді».

Жетісай қаласындағы номері алтыншы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп- гимназияны соңғы 5 жылда 255 бала бітірсе. Оның 74 алтын белгі иегері атаныпты. Сонымен қатар 72 бала үздік аттестат. 205 бала мемлекеттік гранттың иегері. Ал, орташа бал көрсеткіші 110 жуық.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Sb1FpjIgf7g[/youtube]