Шик-Трейд жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арнайы киім тігумен айналысады. Ең бірінші мақсаты сапалы тауар өндіру. Сондықтан болар бұл компанияның киімдеріне сұраныс көп. Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауданында орналасқан өндіріс орны, елуге жуық ауыл азаматын жұмыспен қамтып отыр.
Жабай Тулеев, «Шик-Трейд» ЖШС-ның директоры: «Біз мамандарымызды арнайы оқытып аламыз. Тауар сапалы шығуы үшін әрбір қызметкеріміздің білікті болғаны дұрыс».
Облыс орталығында өткен көрмеде серіктестік тауарына қызығушылық танытқандар көп болды. Әсіресе,мектеп формасының бағасы шымкенттік тұтынушыларды таң қалдырды.
Жұмақыз Исаева,қала тұрғыны: «3 мыңға бір кофта аласың бізде. Мына форма ерекше тігілген. Сапасы да жақсы, көрініп тұр».
Тігін өндірісінің тізгінін ұстаған компания дайын киімдерді ғана емес, шикізатты да өздері өндіреді. Мемлекеттің «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қолдау тауып, өнімдерін дамытуды жоспарлап отыр.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=32KdbefkUW8[/youtube]