Қауіпсіз көліктерге мініңіз

285
Cтатистиканы сөйлетсек, жол апатының 85%-дан астамы рөлге мас күйінде отыратын жүргізушілердің кінәсінен орын алатын көрінеді

Өткен аптада Оңтүстік Қазақстан облысында 15 жол апаты тіркеліп, соның салдарынан 1 адам қаза тапты. 19 адам түрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Шымкенттің өзінде 12 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 14 адам жарақат алған.

Cтатистиканы сөйлетсек, жол апатының 85%-дан астамы рөлге мас күйінде отыратын жүргізушілердің кінәсінен орын алатын көрінеді
Cтатистиканы сөйлетсек, жол апатының 85%-дан астамы рөлге мас күйінде отыратын жүргізушілердің кінәсінен орын алатын көрінеді

Соңғы уақытта жол үстіндегі қайғылы жағдай жиі орын алуда. Әсіресе, үлкен тасжолдардың үстінде қатарынан бірнеше адам опат болып жататыны үйреншікті жәйт. Ал бұл – қалыпты жағдай емес. Кім кінәлі? Көлігінің ақауын байқамайтын, жол жүру ережесін бұзатын жүргізушілер ме? Немесе тәртіпке бағынбайтындарды уысынан шығарып алған полицейлер ме? Ал статистиканы сөйлетсек, жол апатының 85%-дан астамы рөлге мас күйінде отыратын жүргізушілердің кінәсінен орын алатын көрінеді. Тағы бір назар аударарлық жәйт – уақыт өткен сайын адамдардың өмір сүру жағдайы жақсарып келеді. Құдайға шүкір. Соның айқын бір ғана дәлелі ретінде автокөліктерді алсақ болады. Жыл сайын емес, күн сайын темір тұлпардың саны да артып келеді. Тіпті, кей үйлерде адамнан мәшине көп. Ал бұл өз кезегінде жол апатының көбеюіне түрткі. Қалай дегенде де, ешкімге «автокөлік мінбе» дей алмайсың. Сондағы үміт артатынымыз – көлігі барлардың жол жүру ережесін сақтауы. Ал жаяу жүргіншілердің өздері де жол үстінде аса сақ болуы тиіс.

Осы тұста автокөліктердің қауіпсізі бар ма деген сұрақ туындайды. Ғалымдар бұл сауал төңірегінде өткен ғасырдан бері бас қатырып келеді. Тіпті, су жаңа, зауыттан енді шыққан көліктерді арнайы құралдармен сынап, қабырғаға әдейі соғыстырады. Мақсат – көліктің әлсіз тұстарын анықтау. Өткен жылдың соңында EuroNCAP халықаралық тәуелсіз қауымдастығы өткізген кезекті краш-тесттердің нәтижелері жарияланды.

Айта кету керек, жыл сайын автокөліктердің қауіпсіздігі ақырындап болса да арта бастаған. Бұл тұста сарапшылар автокөліктердің тек жүргізушілері ғана емес, жолаушыларының да қорғалуына баса назар аударады. Сонымен, EuroNCAP халықаралық тәуелсіз қауымдастығы сарап-шыларының пікірінше, ең қауіпсіз деп санауға тұрарлықтай 8 көліктің тізімі жасалды. Алайда қауіпсіз көліктердің бағасы қымбат. Ең арзаны 12 мың АҚШ доллары төңірегінде. Олай болса, қалтамызға сай келмесе де мамандар ең қауіпсіз деп сендірген көліктермен танысып көрелік. Бір қызығы – бұл жолғы тізім 8-бен шектеліп отыр.

Сонымен, тізімнің көшбасында Швецияның Volvo V40 көлігі тұр. Бес есікті хэтчбек алғаш рет 2012 жылы Женевадағы көрмеде көпшілікке таныстырылды. Euro NCAP-тың тесттерінде шведтердің мақтанышына айналған көлік өзінің дәстүрлі мығымдығын гольф-класында тағы да бір дәлелдеп шыққан.

Volvo V 40
Volvo V 40

Екінші болып Ford B-MAX көлігі келеді. Ол микровэн көліктердің бір өкілі. Америкалық темір тұлпар сынақтың 5 жұлдызының барлығын жеңіп алды. Айта кетерлік жәйт, бұл жолғы тестке дизельді қозғалтқышы бар Фордтар қатыстырылған.

Ford B-MAX
Ford B-MAX

Алғашқы үштікті Fiat 500 L қорытындылап тұр. Қарапайым итальяндықтардың ең сүйікті көліктерінің бірі Форд тесттен 5 жұлдыз алды. Бұл жолғы Fiat 500L көлігі Fiat 500-дің негізінде құрастырылған. Өзгешелігі — өзінің «туысынан» 60 сантиметрге ұзын әрі сәл ғана биік.

Fiat 500 L
Fiat 500 L

Тізімдегі төртінші орын күтпеген жерден Hyundai Santa Fe көлігіне бұйырды. Әншейінде әлсіз саналатын бұл машина бұл жолғы сынақтан сүрінбей өткен деуге болады. Hyundai Sonata негізінде жасалған Santa Fe орташа көлемді кроссовер өз класында үздік деп танылып отыр. Яғни, бұл – Euro NCAP-тың 5 жұлдызына қол жеткізген ең алғашқы Santa Fe атанды.

Hyundai Santa Fe
Hyundai Santa Fe

Бесінші орында Фордтың тағы бір өкілі келеді. Ford Kuga шағын кроссоверлер арасында ең қауіпсіз деген атаққа ие болды. Сарапшылар Ford Kuga көлігіне жүргізуші және ересек жолаушылардың қорғалуы бойынша – 5, балалардың қауіпсіздігі бойынша – 4 және жаяу жүргіншілерді қорғау бойынша – 3 деген баға қойды.

Ford Kuga
Ford Kuga

Рейтингтің алтыншы сатысында – Ford Transit. 2012 жылы Euro NCAP-тың сарапшылары алғаш рет минивэндерді сынақтан өткізген болатын. Сонда Фордтың тағы бір өкілі өз бәсекелестерін артқа тастады. Тестке дизельді қозғалтқышы бар Ford Transit Custom көлігі қатыстырылған.

Ford Transit
Ford Transit

Фордтардан кейін Renault Clio келеді. Европада кең таралған француздық Clio-ның төртінші өкілі 2012 жылдың қорытындысы бойынша аса шағын көліктер арасында ең қауіпсізі деп танылды. Олай болса, шап-шағын көрінген осы бір көлікке қорықпай отыра беруге болады.

Renault Clio
Renault Clio

Рейтингтің соңын 3-нұсқалы BMW көлігі қорытындылады. Қызық, әдетте отандастарымыз арасында сенімді саналатын немістер өздерінің кәрі құрлығында бәсекелестікті уыстан шығара бас-таса керек. D-класты седандар арасында БМВ өзінің «бауырлары» Mercedes C және Audi A4 көліктерін артқа тастапты. Сонау 1975 жылдан бері 3-нұсқалы БМВ-ның 6 түрі зауыттан шығып, көшелерде ызғытып жүр.