Сүйіктісін сойып салды! Шымкентте құрбысын пышақтап өлтірген жігіт ұсталды. Оның бұрынғы сүйіктісі өзіне үйленуін талап етіпті. Ал бұдан бас тартқан жігіт ақыры бойжеткенді өлтіріп тынған.
Бұл оқиға Теріскей шағынауданында орын алған. Осындағы жалдамалы пәтердің бірінде бірге түнеп шыққан қыз бен жігіттің арасында жанжал туындайды. Бойжеткен жігіттен өзіне үйленуді талап етсе керек. Ал жігіт одан бас тартады. Күдіктінің айтуынша, содан кейін ашуға булыққан қыз асханадан пышақ алып келіп, жігітке сермейді. Суық қарудан қашқан сезікті 21 жасар қызды өлтіріп тастайды. Содан кейін қашып кеткен ол ертеңіне полиция өз еркімен келіп, қылмысын мойындады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=yFGfxiobFcc[/youtube]
Қазір кісі өлтіру фактісі бойынша қылмысты іс қозғалды. Күдікті жігіт қамауда жатыр.