Биыл облыста 66 мектеп, 24 балабақша, 2 мектептен тыс мекеме, 2 көмекші мектеп-интернат, 6 колледж, 2 балалар үйі, жалпы саны 102 білім нысаны күрделі жөндеуден өтетін болды. Бұл нысандарға республикалық және жергілікті бюджеттен 4,5 млрд теңге қаржы қаралу жоспарланып отыр. Ал ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1,7 млн теңге бөлініпті.
Күрделі жөндеуден өтетін мектептер тізімі
Бәйдібек ауданы
Жамбыл о/м, Жамбыл ауылы;
Абай о/м, Шалдар ауылы;
Ғ.Мұратбаев о/м, Шақпақ ауылы;
Қазығұрт ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы о/м;
Мақтарал ауданы
Жами атындағы о/м, Атақоныс ауылы;
Жамбыл атындағы жом, Абай ауылы;
Бапышев атындағы о/м;
Қожанов атындағы о/м;
Тұрсын Заде атындағы о/м;
Б.Момышұлы атындағы о/м;
Сарыарқа о/м;
А.Чехов атындағы о/м;
Наурыз мектебі.
Ордабасы ауданы
Ш.Уәлиханов атындағы о/м;
С.Ысмайылов атындағы о/м;
С.Мұқанов атындағы о/м.
Отырар ауданы
Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернат.
Сайрам ауданы
№ 47 о/м, Ақсукент ауылы;
Мақажанов атындағы о/м, Қарасу ауылы;
А.Байтұрсынов атындағы о/м, Қарасу ауылы;
Киров атындағы о/м, Қарамұрт ауылы;
Гагарин атындағы о/м, Қарамұрт ауылы;
Қашқари атындағы о/м, Көлкент ауылы;
Ибрагим ата атындағы о/м, Манкент.
Созақ ауданы
Қ.Сатпаев атындағы о/м, Құмкент ауылы;
Созақ жом, Созақ ауылы.
Төлеби ауданы
Алатау о/м, Алатау ауылы;
Қаратөбе о/м, Қаратөбе ауылы;
Жаңажол о/м, Айтуби ауылы.
Түлкібас ауданы
Пушкин атындағы о/м;
С.Сейфуллин атындағы о/м;
Бағысбаев атындағы о/м.
Арыс қаласы
Ж.Ташенова атындағы о/м,
Дермене ауылы;
Жиделі о/м, Жиделі ауылы;
М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы;
№376 бастауыш мектеп.
Түркістан қаласы
В.Вахидов атындағы о/м, Шаға ауылы;
Құмтүйін атындағы о/м, Құмтүйін ауылы;
А.Югнаки атындағы о/м;
Достық о/м, Достық ауылы;
Қызыл әскер о/м, Шорнақ ауылы;
Иқан о/м, Ескі Иқан ауылы;
Хамза атындағы №2 о/м, Түркістан қаласы;
Ә.Темір атындағы №3 жом, Түркістан қаласы;
С.Сейфуллин атындағы №4 жом, Түркістан қаласы;
Т.Бигелдинов атындағы №16 жом, Түркістан қаласы;
Ата-Түрік атындағы №17 жом, Түркістан қаласы;
Абай атындағы №31 жом, Түркістан қаласы;
С.Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернаты;
А.Усенов атындағы жом;
М.Абенов атындағы жом;
Ескі Иқан атындағы жом, Ескі Иқан ауылы;
Шобанақ жом, Шобанақ ауылы;
Сатпаев атындағы №12 жом.
Шымкент қаласы
№3 о/м;
№19 о/м;
№33 о/м;
№40 о/м;
№45 о/м;
№31 о/м.
Түйін:
Облыс бойынша 1019 мектеп болса, жоғарыдағы мәлімет бойынша оның 66-сы күрделі жөндеуден өтеді. Дегенмен, жөндеу жұмыстарына зәру болып тұрған өзге де білім мекемелерінің саны жетіп артылады. Қаржы шектеулі болғандықтан жөндеудің шарапатын әзірге осы нысандар көрмек. Сонау Кеңес дәуірінен келе жатқан ескі мектептерді айтпағанда соңғы жылдары жаңадан салынған мектептердің бірқатарының техникалық жағдайы сын көтермей тұрғанын естіп-көріп жүрміз. Ал күрделі құрылыс жұмыстарын талап еткен оқу ошақтарының біразы ағымдағы жөндеуді (әктеп, сырлау) ғана қанағат тұтпақ. Неге? Тағы да қаржыға келіп тіреледі. Қалай болғанда да, техникалық жағдайы мүшкіл нысандардың басшылары уақытылы аудан, қала әкімдіктеріне тиісті құжаттарын өткізіп жатса, мұндай мүмкіндікке ие болуларына әбден болатын еді. Ендеше тізімде жоқ мектептерді жөндеу үшін тағы бір жыл кідіре тұру қажет.
Айтпақшы…
Оңтүстік өңірі тағы да жаңа білім ошақтарымен толығатын болды. Ағымдағы жылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 19,6 млрд теңгеге 82 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Атап айтсақ, 55 мектеп, 11 балабақша, 7 қосымша құрылыс, 2 кәсіптік мектеп, 7 қайта құру жұмыстары атқарылып жатыр. 2013 жылы 45 білім нысанының құрылысын аяқтау межеленген.
Гүлнұр Сәтбаева
Төребек Олжабай, облыстық білім басқармасының бас маманы:
– Білім ошақтарының жаңа оқу жылы қарсаңында күзгі-қысқы мерзімге дайындық жұмыстары да жіті назарға алынды. 665,3 млн теңгеге 285 мекеменің жылу жүйелері жөнделмекші. Олардың қазандықтары ауыстырылып, жылу жүйелерін шаю, қысымнан өткізу жұмыстары жасалатын болады. Оның ішінде 34 білім нысанының қазандығы жөнделмек. Жаңа оқу жылына 125269,2 тонна көмір, ал кіші қазандықпен жылытылатын мекемелерге 41927,8 тонна жанар-жағармай дайындалуда екен.