Оңтүстіктің полицейлері барымташыларды құрықтады. Тәртіп сақшылары Сарыағаш және Қазығұрт ауданында мал ұрлап жүрген екі қылмыстық топты қолға түсірген. қазірдің өзінде баукеспе қарақшылардың қылығынан шаруаларға жалпы көлемі 9 млн. теңгеден астам шығын келгені белгілі болып отыр. Қазір 5 күдікті жігіт қамауда жатыр.
Соңғы уақытта осы екі ауданда мал ұрлығы жиілеп кетеді. Тұрғындар арызды қарша боратқан соң полицейлер іздестіру шараларын жүргізіп, қылмыстық топтарды әшкереледі. Тергеушілердің мәліметінше, жергілікті жердің ой-шұңқырын жақсы білетін әккілер ұрлықтарына әбден дайындалыпты. Арнайы көлік те сатып алыпты. Ұрланған малды түнделетіп базар асырып отырған.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Ow0IsQ5iC4A[/youtube]
Ал қазығұрттық барымташылар жалпы құны 9 млн. теңге болатын жылқыларды айдап әкетіпті. Бұл жануарлар да базарда сатылған. Ұрылар мен сатушылардың арасындағы делдал да болыпты. Қазір полицейлер ұрлықы малды сатып алушыларды анықтау үстінде.
Себебі, олардың қоды болған малды біле тұра сатып алғаны дәлелденсе, қылмыстық жауапкершілікке тартылады дейді ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы. Осы себептен қазір қылмыстық топтардың өзге де сыбайластары іздестірілу үстінде.