Оқушылар ұстаздарымен бірге тарихи мәліметтерге де қануда

Астаналықтар Шымкентте жүр. Елорданың 15 жылдық мерейтойын Назарбаев зияткерлік мектебінің белсенді оқушылары Шымшаһарда атап өтпек. «Туған елге тағзым» экспедициялық тобы өңірдегі тарихи орындарды тамашалайды . Қаламыздағы «Кең баба» этносаябағында да сейіл құрған олармен біз де тілдесіп қайттық.

Астаналықтар Шымкентте
Астаналықтар Шымкентте. Саябақтарда серуендеп жүр

Ару қала – Астанадан арнайы келген топ шежіресімен ғана емес, жасыл желекті Шымқаланың табиғатымен де танысып жүр. Олардың бар көргені осы өлкенің экономикасы мен табиғаты жайындағы ғылыми мақалаларға арқау болмақ. Жүздері бал бұл жайнап, еңбектеріне мәліметтер табуға кіріскен. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Інжу Байбек Шымшаһарға алғаш рет келіп отыр.

Інжу Байбек, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы: «Соған қарамастан, маған өте ұнады. Менің жобам ол физика пәнінен. Және де ол ОҚО-дағы жасыл экономиканың жағдайы. Және де Астанада мен теориялық бөлімді бітірдім. Енді мына жерде практикалық бөлімді қарастырамын. Жобамның жүзеге асуы үшін зерттеу жұмыстарын жақсылап жүргізуге тырысамын».

Назарбаев зияткерлік мектебінің белсенді оқушылары жыл сайын әр өңірге экскурсияға шығады
Назарбаев зияткерлік мектебінің белсенді оқушылары жыл сайын әр өңірге экскурсияға шығады

«Ұлы Жібек жолы» экспедициясы құрамында Назарбаев зияткерлік мектебінің 48 оқушысы бар. Бұл мүмкіндікке ие болу үшін олар жыл бойы еңбектенеді. Шымкентке ұстаздармен келу де талай шәкірттің арманы болыпты.

Салтанат Омарова
Салтанат Омарова мектептегі жүзден жүйрік танылған шәкірттер ғана экскурсияға жолдама алды дейді

Салтанат Омарова, экспедиция жетекшісі: «Оқушыларды жай ғана клас-класқа бөліп келген жоқпыз. Жыл бойы оқушылардың білімі, жалпы олардың мынау интеллектуалдық деңгейлері сараланды. Қоғамдық жұмыстарға қатысулары. Міне, осы бойынша мектебімізде «Шаңырақ» акциясы жұмыс жасайды. Осы жерде олар бонустарын жинап, жыл бойы ең көп бонус жинаған екі «Шаңырақ» тобы келіп тұр.

Оқушылардың Шымкенттегі 2-ші күні. Сондықтан олар көп дүниені білуге ынтызар
Оқушылардың Шымкенттегі 2-ші күні. Сондықтан олар көп дүниені білуге ынтызар

Өткен жылы Тараз қаласымен етене танысқан топ келер жылы Түркістанға жол тартпақ. Айта кетейік, Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаздары мен оқушылары әлі 10 күнге жуық уақыт бойы өңірдің тыныс-тіршілігін бақылайтын болады. 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=AlOH1FNKKDs[/youtube]