Астананың мерейтойына орай Оңтүстіктің диқандары жәрмеңке өткізді

Тұрғындардың сөзіне сенсек, жәрмеңкеден ет өнімдерінен басқа тауарларда азық-түліктің арзандауы байқалмаған
Тұрғындардың сөзіне сенсек, жәрмеңкеден ет өнімдерінен басқа тауарларда азық-түліктің арзандауы байқалмаған
Тұрғындардың сөзіне сенсек, жәрмеңкеден ет өнімдерінен басқа тауарларда азық-түліктің арзандауы байқалмаған

Елорданың 15 жылдық мерейтойына арнап, облыстағы 15 аудан-қаланың диқандары Шымкенттіктерге азық-түлік жәрмеңкесін өткізді. Шаһарлықтар бұл күні арзандатылған түрлі дақылдар базар нарқынан төмен саудаланды. Астананың туған күніне жасалған жалғыз сый бұл ғана болмайтын көрінеді.

Қанатбек Оспанбеков, Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы: «Мерекеге орай, біздер Астанадағы қарттар үйі мен балалар үйіне азық-түлікке толған азық-түлік керуенін жіберуді де жоспарлап отырмыз. Мереке күндері Елордалықтар арзандатылған ауылшаруашылық өнімдеріне қарық болатын болады».

241 тоннадан астам азық-түлік. Сатылымдағы тауарларды қала жұрты базардағы бағадан 15-20 пайызға арзан сатып алды. Десе де, жәрмеңке жалпының көңілін жадыратты дей алмаймыз.

Елорданың мерейтойына тарту етілген жәрмеңкеде ет өнімдерінің саудасы қызғаны рас. Өйткені, базар нарқынан төмен құнда сатылған өнім осы ғана десті жұрт. Сиыр етінің келісін 950 теңгеден саудалаған Отырар ауданының қасаптары бар болғаны екі-үш сағаттың өзінде ақ, әкелген тауарының көп бөлігін сатып жіберді.

Ауылшаруашылық басқармасының берген мәліметіне сөйкес, бұл күні «Айна базары» мен «Қырғы» базарда саудаланған азық-түлік тауарларымен салыстырғанда айтарлықтай төмен сатылды дейді ұйымдастырушылар жағы. Бұл күні ет өнімдері орта құннан 100-150 теңгеге арзан сатылса, көкөністердегі айырмашылық 30-40 теңгенің аралығында болды. Ал жеміс жидектер мен бақша дақылдарының құнында 80-100 теңгеге айырмашылық болса, басқа өнімдер де нарықтағы сұранысына сай саудаланды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=tiwcv3vHbbI[/youtube]