Сарыағаш аудандық ауруханасы заманауи үлгіде жабдықталған. Тамографияға түсу үшін облыс орталығына ағылатын тұрғындар, енді өз аудандарында ем-дом алуда.
Былтырғы жылдың желтоқсанында ашылған ауруханада 150 орын бар.4 корпустан тұратын ғимаратта алты бөлімше жұмыс атқарады. Емделушілергі жоғары білікті 51 дәрігер қызмет көрсетсе, екі жүздей мейірбикелер жұмыс істейді. Оңтүстікте жасалмаған эндовизиялық хирургия отасы алғаш болып осы өңірде жасалған. Ол үшін 157 млн.теңгеге арнайы құрал алынып, азаматтарды өлімнен арашалап қалуда.
Пернебек Жақыпбеков, Сарыағаш аудандық ауруханасының бас дәрігері: «Осы уақытқа дейін 5 ота жасадық. Компьютерлік тамографияны да өзіміз жасап жатырмыз. Ең бастысы аудан тұрғындары дән риза. Ем іздеп, облыс орталығына сабылмайтын болды. Бізде балалар дәрігерлері де жақсы қызмет көрсетеді».