Мамандар әкімді сайлау әділ өтеді деген сенімде
Мамандар әкімді сайлау әділ өтеді деген сенімде
Мамандар әкімді сайлау әділ өтеді деген сенімде

Оңтүстікте 567 үміткер ауыл әкімінің сайлауына түседі. Бұл туралы бүгін облыстық сайлау комиссиясы хабарлады. Айтуларынша, ауыл әкімдерін ұсыну кеше аяқталды.

Бүгіннен басталған кандидаттарды тіркеу 20 шілдеге дейін жалғасады. Онан соң 3 тамызға дейін үгіт-насихат жұмыстары жүретін болады.

Осылайша тамыздың 5-і күні облыстағы 189 округ бойынша сужаңа әкімдер сайланып, халыққа қызмет етуге сақадай сай болмақ. Ал ауыл әкімдерін жергілікті мәслихат депутаттары таңдайды. Айта өтейік, 9 шілдеге дейін жалғасатын науқан 5 шілде күні Қазақстан бойынша Оңтүстік Қазақстан облысынан басталмақ.

Тарқатып айтсақ, аудандық маңызы бар Жетісай, Сарыағаш, Ленгір, Шардара қалаларынан 4 әкім сайланса, ауылдық округтердің әкімдігінен 173 округ бар. Сондайа-ақ, 8 кент, 4 ауыл әкімі жаңадан сайланбақ. Ал болашақ әкімдердің өз орынтағында отыру мерзімі 4 жыл болып бекіліп отыр.

Ауыл әкімдігіне үміткерлерді тек аудан әкімі ғана таңдауға құқылы. Өзін-өзі ешкім әкім сайлауына түсуге ұсына алмайды. Оңтүстікте өзін-өзі ұсынған азаматтар болған. Ол Ордабасы, Сарыағаш аудандарында тіркелген. Бұл жәйттерді әкім қаперіне алған. Десе де, қорытынды шешім оның өзіне байланысты.

Ұсынылған кандидаттар тіркелу үстінде. Тексеру барысында олар сотталмағандығы, мемлекеттік қызмет саласында жұмыс өтілі болғандығы секілді бірқатар талаптардан өтсе, үміткер дауысқа түсе алады. Орташа есеппен қазір әр ауылдан 3 үміткерден ұсынылған.

Шырынгүл МЫРЗАМСЕЙІТОВА, ОҚО сайлау комиссиясының хатшысы: «Әкімдерді сайлау біздің облыста осыдан 8 жыл бұрын эксперимент ретінде жүргізілген. Мақтарал мен Төлеби аудандарында болған тәжірибе оң нәтижесін көрсеткеннен соң шығар, Елбасы әкімдерді сайлауды жолға қоюды қолға алып отыр. Ол кездегі тәжірибеден бұл жолғы сайлаудың айырмашылығы ол кездегі әкімдерге биліктік талап қойылмаған еді. Ол уақыттағы ереже бойынша таңдаушылар өздері халықпен кездесіп, халықтың пікірін таңдаушылардың сенімді өкілдері жинайтын. Ал қазір әкім жергілікті халықпен кездесіп, ақылдасу арқылы үміткерлерді ұсынды».