Биыл Оңтүстікте ораза тұтушылар саны артып отыр

245
ОҚО-да ораза тұтушылар қатары артқан

Абылай Сапарбек биыл айлардың сұлтаны — Рамазанда ораза тұтып жүр. Бойын зиянды дүниелерден аулақ ұстап, нәпсісін тыю үшін. Аптаның әр күнінде облыстық Хаттани мешіті имамдарынан кеңес сұрап, діннің тыйған қадамдарынан хабардар болады. Өткен жылы қара жұмыс жасап жүрсе де парызын орындапты. Сондықтан 19 жасар бозбалаға шілдедегі сынақ қиындық туғызып жатқан жоқ.

ПППР
Абылай Сапарбек

Абылай Сапарбек: «Мен оразаны Алла Тағаланың разылығы үшін ұстап жүрмін. Бұл айда біз бар жақсыға бой ұрамыз. Жалпы ораза бізге рухани сабақ, шыдамдылықты, төзімділікті үйретеді. Жаман әрекеттерден сақтайды. Жарлының жағдайын түсіндіреді. Қиыншылықты жеңуді үйретеді. Әр жылы белгілі бір ниетпен ұстаймыз ғой. Биыл менің ниетім ата-анам намазға жығылса, оқуымды аман-есен абыроймен бітірсем. Отбасымның амандығын тілеймін. Алланың ақ жолынан адаспасам деген ниетім бар». 

Ал имамдардың сөзіне сенсек, биыл таң сәріден күн батқанға дейін ораза ұстап, Алланың ақ жолында жүргендер де аз емес. Тіпті қатары артқан.

Имамдар ОҚО-да ораза тұтқандар саны артқанын айтып отыр
Имамдар ОҚО-да ораза тұтқандар саны артқанын айтып отыр

Қазыбек Сарыбаев, облыстық «Абдул Хамид Хаттани» мешітінің наиб имамы: «Биыл жас буын, мынау жастар арасында ораза тұтушылар көп. Оны байқап та жүрміз. Екіншіден мешітімізге Құдайға шүкір, таңертеңнен кешке дейін намаз оқуға, намаз үйренуге, одан кейін мынау қазіргі сондай бір уақыт жаздағы балалар келеді, кейбірін ата-аналары әкеледі. Бізге құран үйретіңіздерші деген сияқты өтінішпен балаларын тапсырып кетіп жатады. Бұған қоса Рамазан айының үлкен құлшылығы бұл — тауарих намазы. Сол тауарих намазына да Аллаға шүкір, бұрын келмеген жамағат, оның ішінде жастар көптеп келіп жатыр». 

Иісі мұсылман баласы үшін отыз күн  ораза тұту міндеттелген. Бұл бізді тек теріс жолдан сақтамайды, денсаулыққа да оң әсерін береді. Мәселен,

  1. Оразаның ақыл-естен айрылу дертіне шипасы мол. Мұны Мәскеудің психиатрия институты дәлелдеп отыр.
  2. Оразада су ішуден тартыну ағзаның қуатын нығайтады, оқып-үйрену қабілетін жоғарылатады, зердені жақсартып, есте сақтау қабілетін арттырады.
  3. Ораза адам ағзасын жасушалар мен тіндерде түзілетін зиянды заттармен уланудан сақтайды. Асқазан жүйесін реттейді.
  4. Ораза бүйректе тас жиналудан сақтайды. Себебі ол кальцийлену процесіне кедергі жасайды, қандағы натрий құрамын көбейтеді.
  5. Ораза адамды жауапкершілік пен өзін-өзі тәртіпке шақыруға үйретеді.
  6. Ораза адамды ешқандай пайда көздемейтін риясыз сезімге, төзімділікке шақырады. Бұл кезде ол аштық пен шөлді, басқа да қолайсыздықты еш наразылық білдірмей көтеруді үйренеді.
  7. Оразада адам ағзасындағы түзілімнен бұзылым басым болып, ол ауру, әлсіз жасушаларды жояды, қайтадан қалпына келтіру кезеңі басталып, жасушалар жаңарады.

Ислам дінінде кішкентай бала мен ақыл-есі ауысқан, талған жанға немесе мас адамға ораза ұстау парыз емес. Қалған балиғат жастан асқан жамағаттың әрқайсысына міндеттелген. Қазіргі уақытта жастолқынның басым бөлігі Алла Тағаланың ақ үйі – мешітке барып, діни сауатын ашып, оразаға ден қойып жүр. Ендеше, оразаң қабыл болсын ұстаған жан дейміз!