«Дельфин» аквабағы демалысқа шақырады

574
"Дельфин" аквабағы жанға жайлы демалыс сыйлайды

Таза сулы хауыздар, күн сәулесі, емі мол қыздырыну, дәмі тіл үйірер тағам әзірлейтін мейрамхана. Жерлестеріміз үшін мұндай жанға жайлы демалысты «Дельфин» аквабағы ұсынып отыр. Бүгінде демалыс орнына қала тұрғындарымен қатар, шетелдік қонақтар да жиі келеді.

"Дельфин" аквабағы жанға жайлы демалыс сыйлайды
«Дельфин» аквабағы жанға жайлы демалыс сыйлайды

Демалу, күнге қыздырыну, суға түсіп, салауатты өмір салтын ұстану үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Дельфин аквабағы Сіздің денсаулығыңызға пайдалы демалыс үшін бар жағдайды қарастырған. Таза суға толы бассейндер, сырғанақ су шанасы, жағалау жастығы, жанды дауыста әуен ұсынатын кафелер. Дельфин жанға жайлылық қана емес, қызыққа толы демалыс сыйлайды.

Мұрат Байбосынов, «Дельфин» аквабағының қонағы: «Біз аквабақта шомылу маусымы басталғанын үлкен қуанышпен хабарлаймыз. Бүгінгі күні демалыс орнында 3 таза сулы бассейн бар. Спорттық және балаларға арналған , үлкен бассейін сырғанағымен. Су жылы, және оны біз заманауи су құралдармен тазалап тұрамыз».

 

"Дельфин" аквабағы
«Дельфин» аквабағы біздің ғана емес, шетелдік қонақтардың да сүйікті демалыс орнына айналып отыр


Елена Крепс отбасымен бірге Челябинсктен «Дельфин» аквабағына демалу үшін арнайы келген. Ол жергілікті демалыс аймағына тәнті болып жүр. Мөлдір су және күн сәулесі. Шетелдік демалыс орнынан кем емес. Бұған қоса қаланың орталығында орналасқан. Енді жанұя бос уақыттарын осы аквабақта өткізбек.

Елена Крепс, «Дельфин» аквабағының қонағы: «Балалар үшін тамаша демалыс. Бағасы да қымбат емес, әр жанұяның қалтасы көтереді. Біз мейрамханасында да болдық, Ресейдегіден кем емес».

Капановтар отбасы мұнда перзентінің туған күнін атап өту үшін арнайы жиналған. Отағасының айтуынша, қызы Карина мерекені тойлайтын орынды өзі таңдапты.

Карина Капанова, «Дельфин» аквабағының қонағы: «Мен осы аквабақтың арқасында жүзуді үйрендім. Мұндағы сырғанақшалар да маған қатты ұнайды, мұнда бәрі қызық, су жылы».

Дельфин аквабағы жылдар бойы жұмыс жасап, жерлестеріміздің сүйікті демалыс орнына айналып отыр. Тіпті шетелден келіп демалушылар қатары артқан. Ал аквабаққа күндіз келе алмайтындар үшін, демалыс орны кешке шомылуға абоненттік билеттер ұсынуда.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=_j-Dj6H1McM[/youtube]