Демалыс күндері Кентауда екі адам найзағайдың құрбаны болды. Байылдыр ауылында тұратын екі отбасы 27-маусым күні тауға серуендеуге шығып, туыстарынан айрылды.
«Қаратау» мемлекеттік қорығына серуенге шыққан олар тау бөктерінде қатты жауған жауынға тап болыпты. алапат ауа-райында төбесінен жай түскен екі отбасының мүшесі. оқыс оқиға салдарынан бірінің 49 жастағы отағасы, екінші жанұяның 47 жастағы әйелі қаза тапты. Бұл оқиға бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда.