Күн көзінен сақтайтын кремді қалай таңдаймыз?

Терісі аққұба

Адам терісі өте нәзік әрі сезімтал. Сол себепті де оны тікелей күн сәулесінің түсуінен қорғау керек. Әйтпесе, теріге әжім түсіп, ерте қартаясыз. Сонымен қатар тері обырына шалдығуыңыз да әбден мүмкін. Әсіресе, жаздың аптап ыстығында далада көп уақыт жүретін адамдар терісін күн сәулесінен қорғайтын арнайы крем жаққаны абзал.

Кез келген күннен қорғайтын арнайы кремде «SPF» белгісі болады. Ол кремде күн сәулесінен қорғайтын бөлшектердің қаншалықты мөлшерде екенін көрсетеді. Мамандардың айтуынша, көрсеткіш неғұрлым көп болса, қорғау әсері де соғұрлым жоғарырақ болады. Мәселен, SPF 2 күн сәулесінен – 50%-ға, SPF 10 – 90%-ға қорғаса, SPF 25 — 96%-ға, ал SPF 50 – 98%-ға қорғайды екен. Арнайы кремді таңдағанда дене терісіне мән берген жөн. Бидай өңді тері үшін SPF көрсеткішінің төмен болғаны абзал. Ал аққұба теріге көрсеткіштің жоғары болғаны абзал.

Терісі аққұба
Терісі аққұба

1. Аққұба

Терісі аққұба, нәзік, сепкілі бар жандар да қара торы болғысы келеді. Ол үшін олар жасанды күн сәулесіне тотығады немесе жаз мезгілінде жағажайда «загар» қабылдайды. Мұндай терісі бар жандар күн көзінде 15-20 минуттан артық қыздырынбау керек. Біртегіс күйіп, теріге зиян келтірмеу үшін алғашқы 2-3 күнде «SPF 40», одан кейін «SPF 30-20» кремін қолданған абзал.

Ақсарылар
Ақсарылар

2.Ақсары 

Ақсарылар 20-40 минут күн көзінде қыздырынса, бидай өңді болып шыға келеді. Дегенмен сақтық шараларын да ұмытпаған абзал. Ақсарыларға «SPF 30» немесе «SPF 15» кремін қолдануға болады.

Бидай өңді
Бидай өңді

3.Бидай өңді

Мұндай тері күнге күюге бейім келеді. Сондықтан да олар үшін күн көзінде 10-15 минут жүру жеткілікті. Күнге күйгенде қызармайды. Мамандар бидай өңділерге «SPF 15» немесе «SPF 10», «SPF 8» таңбалы кремді қолдануға кеңес береді.

Қара торы
Қара торы

4. Қара торы

Қара торылар «загарды» жақсы қабылдайды. Олар үшін күн көзінде 5-10 минут қыздырыну жеткілікті. Сақтық шаралары үшін олар «SPF 10» немесе «SPF 4» таңбалы кремдерін қолдану керек.