3,5 миллиард текше су метрді қамтитын Көксарай су қоймасында балықтарға броконьерлік жыл он екі ай өршіп тұр. Мұндағы броконьерлер су қоймасының жағалауында шатырларын тігіп, қажетінше жағдай жасап алған. Тіпті заңда тыйым салынған қытай ауымен емін-еркін балық аулап шаруасын шалқытып отыр. Нәпақасын табу үшін жүргендердің екі тобы бар екен. Біріншісі, тексеріс, рейд кезде басқа қоймалардан, ал тынышталғанда қайта көксарайға келеді.
Броконьер: «Тығылып-қашып, қауіпке барамыз. Өзіміз ғой бәрі».
Бұл 10-15 қайықтағы броконьерлердің балық аулауда емін-еркін жүруіндегі бір сәттік жағдайы. Ал басқа кездегі жағдайын көз алдыңызға елестете беріңіз. Броконьерлердің екінші тобы инспекторлармен келісіп, шаруасын жасайды екен.
Броконьерлер:
— инспектор жағынан, мына жақтағы кісілерге айтып қойдым деді.
— оған қанша бердің?
— 40 мың теңге.
-қолма -қол бердің ба?
— ия.
— қанша уақытқа жауап берем деді?
— бір айға.
— қай айға?
— осы айға.
Су қоймасының статусы да анықталмаған екен. Соған қарамастан облыс бойынша балық шаруашылығына небәрі 8-ақ инспектор жұмылдырылған. Осынша шаруашылықты қамту мүмкін емес. Бірақ біз броконьерлікпен күресіп келеміз дейді бас инспектор.
Ғалымжан Жарасов, Шардара балық инспекциясының бөлім басшысы: «Енді өзіңіз есептеңіз облыста 8 инспектор болса, күніге басына қойып қаратуға мүмкіндік болмай отыр. Шамамыз келгенше апта сайын рейд жасап, осы уақытқа дейін 50 әкімшілік шара көрілді».
Қазаннан қақпақ кетсе, иттен иман қашады деген. Әубаста Көксарай су қоймасы салардағы негізгі мақсаттың бірі — балық шаруашылығын дамыту болатын. Өкініштісі, қазір балықтан түскен қаржы мемлекеттің емес, көрінген көк аттының қалтасында кетіп жатыр.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=nsMV2SBvCIk[/youtube]