Елімізде өткен кешенді тест талай талапкердің үмітіне балта шапты. Кешенді тестілеу сынағын тапсырғандардың 50 мыңнан астамы шектік балдан төмен ұпай жинап отыр. Енді мемлекеттік білім сынағына қатысқандардың 3-тен бірінің ғана ЖОО-на түсуге мүмкіндігі бар. Айта кетейік, биыл кешенді тестке ел аумағында 78 758 талапкер қатысқан.
Кешенді тест тапсырғандардың жартысынан көбі ЖОО-на түсе алмайды. Білім сынағының қорытындысын шығарған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» осылай деп мәлімдеді. Ал біздің өңірде тестілеуге қатысқандардың 52 пайызы шектік балдан жоғары жинаған.
Қанат Байболов, ОҚМУ проректоры: «Проходнойдан өтпей қалған себебі, енді ол жерде сұрақтарына дайын бомағанынан, оқушылардың, талапкерлердің немқұрайлы қарағанынан деп ойлаймын. Олардың басқа жолдармен өтіп кетемін деген ойында да болуы мүмкін».
Бірақ талапкерлер олай ойламайды. Қуаныш Әшірбеков биыл арнаулы оқу орнын тәмамдап, кешенді тестілеуге қатысқан. Бірақ жылдар бойғы дайындалған білімін дәлелдей алмады. Бұл қадамын тестілеу ғимаратындағы шектен тыс қаталдықтан деп отыр.
Қуаныш Әшірбеков: «Іштегі комиссиялар қатал болды. Камера да болды, комиссия тұспа-тұс тұр, қасымызда жүрді. Қорыққанымыздан не жинарымызды да білмей қалдық, аз балл жинауым содан шығар».
Биылғы арнаулы оқу орнын, лицейді бітіріп немесе алдыңғы жылдары ҰБТ -да сүрінгендер қатысқан білім сынағында колледжді бітіргендер жақсы көрсеткішке ие болған. Яғни аталған 52 пайыздың басым бөлігі осы талапкерлер үлесінде.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=lnYJ77SrIV4[/youtube]