Ленгірде экологиялық апат

Леңгір қаласында экологиялық апат. Мұнда су тазалағыш құрылғылар істен шыққан. Бар қалдық су жергілікті өзенге құйылып, топыраққа сіңіп жатыр. Бұл мәселе 5 жыл бұрын туындаған. Бірақ экологтар ғана осы күнге дейін дабыл қағып келеді. Құлақ асар өзге ешкім жоқ. Мұндағы су тазартқыштар осыдан 60 жыл бұрын пайдалануға берілген. Ең сорақысы тұтас қаланың нәжісі кәріз жүйесі арқылы тіке Ленгір өзеніне кеп құйылып жатыр.

канализациялық ағындылар мен қоқыстар дан құралған көлшік
қоқысқа толы сасық су өзенге кеп құйып жатыр

Талғат Стамқұлв, Қазығұрт ауданы бойынша мемлекеттік экология инспекторы: «Бұл құрылғы осыдан 50-60 жыл бұрын салынған. Содан бері жөндеу жұмысы да жасалмаған. Жыл сайын айппұл саламыз, нәтиже жоқ. Қазіргі таңда бұл нысан жабылған.»

Бірақ бұл тек қағаз жүзінде ғана. Биыл облыс экологтары 309 мың 940 теңге аыппұл салып кеткен болатын. Аудан әкімдігіне бұл экологиялық проблеманы жою туралы хат та жолданған. Бірақ нәтиже жоқ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=XZCvRw9cL_I[/youtube]