Түлкібастықтар осы фестивальде жүлделі орындардан көрінсек деген ниетте
Түлкібастықтар осы фестивальде жүлделі орындардан көрінсек деген ниетте
Түлкібастықтар осы фестивальде жүлделі орындардан көрінсек деген ниетте

Мәдениетім – мерейім өнер фестивалінде Түлкібастықтар да өнерден кенде емесін көрсетті. Аудан жұрты бұл күні әділ қазыларды өзінің көп ұлттан құралса да, олардың тату тәтті өмір сүріп келе жатқанымен және түрлі қолөнер туындыларымен тәнті етті.

Түлкібастағы әр ұлт пен ұлыс бүгінгі күн үшін жауапты. Төсекте басы қосылмаса да, төскейде малы қосылған тату тұрғындар осындай бірлігімен баршаны тәнті еткісі келеді. Әрине, ұлттың ұмытылып бара жатқан салтын да сақтасақ дейді – мақсаты.

Сәрсенгүл Есжанова, Түлкібас ауданының тұрғыны: «Таңқалдырғанда біздің өзі қазақы, ауылдың тіршілігі деген тақырыпта, ата-бабаларымыз пайдаланған келі-келсапты, күбіні, қол диірменді, ұршықты, кенепті, бәрін жастарға үйретсек деген мақсатта келіп отырмыз, айналайын».

Бесіктен белі шықпаған бүлдіршіндері де қарап отқан жоқ. Көз алдындағы кескінді қағазға түсіріп жатыр лезде. Еңкейген қарты қалыс қалар емес. Ағаштан түрлі түйін түйіп, қолөнерімен тамсандырсам дейді.

Айсұлтан Елепбергенов, қолөнерші: «Біздің қазақ өмір бойы ағашпен өмір сүрген. Терімен өмір сүрген. Киіміміз де теріден болған. Біз енді соны неужели тарата алмасқа. Мен әйтпесе бәрін жасайм. Теріден де істеймін. Киіз де басам, алаша да тоқимын. Нан да жабам. Тамақ та істейм керек болса. Неге? Біздің қазақ осыған бейімделген қазақ. Қолынан келмейтіні жоқ қазақтың. Сондықтан біз өз үлгілерімізді жоғалтпауымыз керек. Қазақ үлгілері әр уақытта дайын болып тұру керек.

Міне ауылдың алты ауызына да келіп жеттік. Бұл күні айтылған ән де, жыр да түркі басы Түлкібастың құрметіне арналды. Ауданнан шыққан кіл өнерлілер ортада барын салды. Бұл да болса ауданда мәдениет саласына жасалып жатқан қамқорлықтың деңгейін көрсетсе керек.

Қайрат Әбдуәлиев, Түлкібас ауданының әкімі: «Жалпы кәсіпкерлер мен «Даму» қоры арқылы біз үш мәдениет сарайын ретке келтірдік. Аудандық бюджеттен 4 мәдениет сарайын. Облыстық бюджеттен 2 мәдениет сарайын. Сол сияқты штат кестелері бұрындары жарты штат кесте, не болмаса 0,25 штат кесте болса, бүгінгі таңға Түлкібас ауданында мүлдем жоқ».

Таңдаулыларымен тамсандыру. Түлкібастың «мәдениет – мерейіндегі» ұстанымы осы. 15 қала-ауданның ішінде 14-ші болып өнер көрсеткен өнерлі ұжымның қай деңгейде екені күзде болатын қорытынды кеште мәлім болады.