Мақтарал ауданында мақта талшықтарын ұзын әрі сапалы өңдейтін «Мырзакент» мақта өңдеу зауытының іргетасы қаланып жатыр.
Бұрынғы мақта өңдеу орындарында тәулігіне 300 тонна ақ алтын өңделсе, американдық технологиямен салынып жатқан жаңа нысанда тәулігіне 400 тонна шикізат шығарылмақ.
Яғни, өнімділік 25-30 пайызға жоғары. Жылына 60 мың тонна мақта талшығын өндіретін орын 500-дей адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
Жалпы құны 900 млн. теңгені құрайтын жобаның құрылысы осы жылдың аяғында бітпек.
Жаңа зауыттың президенті Салдар Жамалов нысан толық біткен соң, мұнда АҚШ-тың «Лимус Корпорейшн» компаниясының технологиясы бойынша жұмыс жасалынатын болады дейді. Ал гидрологиялық претеу автоматтарын Түркия елінен алдырып жатыр екен. Бұл жерде ең бастысы, уақыт үнемделеді дейді өздері.