Бірден ажалға айдайтын ауруды түбірімен жою мүмкін емес. Сондықтан, науқас адамның басы сынып кетердей қатты ауырып, сіңірі тартылса, бұл инсульттің белгілері екендігін ескеріңіз. Егер инсульт ми гематомасының пайда болуына ұласса, сал ауруына ұшырауы мүмкін. Өте қауіпті жағдайда өлімге соқтыруы әбден мүмкін

Инсульттің алдын алу үшін өңірімізде бір емес, екі орталық ашылған болатын. Ми қан тамырлары ауыруларына құрал жабдық та алынды, мамандар да оқытылды. Енді міне, қалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасында алғаш рет ми қан тамырларына ота жасалынды.

Ота жасау бөлмесінде 50 жасты еңсерген Зәуре есімді Қазығұрт ауданының тұрғыны. Ми қан тамырларының аневризмасы, яғни миына қан құйылған науқасқа операция жасалуда. Бірақ, басқа пышақ тимейді, барлығы саннан жіберілген микроқұырлығы арқылы жасалынады. Бұл бүгінгі отандық медицинаның жетістігі.

Мыңжылқы Бердіқожаев, Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігері: «Бұл отаның ерекшелігі сол саннан барған катетр миға жетеді. Басқа пышақсыз ота жасаймыз. Мүгедектікті алдын алып, өлімді болдырмаудың бірден бір жолы деп білеміз. Біз орталықта 600декй осындай ота жасадық. Жылына 250 ота. Сіздердің дәрігерлеріңізден тығыз байланыстамыз».

Бұл күрделі операцияны меңгеру үшін қалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасына жергілікті бюджеттен 399 млн теңгеге ангиограф құралы сатып алыныған. Одан бөлек алдымен Астанада сонан Литвада біліктілігін жетілдіруге әр маманға 9 мың еуро жұмсалған. Мамандарымыздың әлі де қолы машықтана қойған жоқ. Астанадағы нейрохирургиялық орталықтың қызметкерлерімен онлайн арқылы кеңесіп, диагностика жасаған. Енді біріге операция жасады.

Мади Биғабылов, қалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасының бас дәрігері: «Біздің дәрігерлер ота жасауы үшін кем дегенде 50 диагностика өз қолдарымен жасауы керек. Оөқыған бөлек, өздері тәжірибе жинақтауы керек».

Жергілікті маманның өз бетінше ота жасауы үшін кем дегенде бір жыл керек. Ал әзірге біздің дәрігерлер ангиограф арқылы дұрыс диагностика жасап, уақыт өткізбей мидағы қан тамырдың бітелуін алып тастауды меңгеріп жатыр. Әлемде жылына 6 млн адам инсульт алып, оның тең жартысы бақилық болады екен. Отаның осы түрін игеру- мүгедектік пен өлімді азайтпақ.