Бүгіннен бастап Оңтүстік Қазақстан облысында Туризм басқармасы жұмыс істейтін болады. Бұған дейін туризм саласы спорт басқармасының құрамында болатын.
Ал жаңа басқарманың басшысы болып облыс әкімінің өкімімен Райымбек Жолдас тағайындалды.
Р.Жолдас 1954 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ғалым-агроном.
Еңбек жолын 1974 жылы Алғабас ауданы Қ.Сыпатаев атындағы орта мектептің мұғалімі болып бастаған.
1977-2013 жылдары Қазақстан ЛКСМ Алғабас аудандық комитетінің бөлім бастығы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Майбұлақ совхозы партия комитетінің хатшысы, Халық депутаттары Алғабас аудандық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, Алғабас ауданы Қостұра совхозының директоры, Алғабас аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, «Алғабас» өндірістік коммерциялық ассоциациясының президенті, Шаян ауылдық округінің әкімі, Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының басшысы, Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары, әкімі қызметтерін атқарған.
2013 жылдың маусым айынан бастап ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы болып еңбек етіп келеді.