80 ге келген қария мал санын көбейтуді көздейді. Осыған дейін бірнеше рет шағын несие алған Пернебай Ибрагимов тағы та 1,5 млн. теңге несие алуға бел буыпты. Кезiнде мұғалiм болып iстеген қария зейнеткерлiкке шыққан соң да шаруадан қол үзбеген. Өзi тыл ардагерi. Жалқаулықты жаны сүймейтін атай тірліктен қашқанды жек көреді.
Пернебай Ибрагимов, кәсіпкер: «Көп жастардың барлығы былай, маған жұмыс керек дейді. Жұмыс тұр ғой. Кредит алда жұмысыңды істей бер.Күні-түні еңбектен, істе ақша табасың».
Сарыағаш аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 135 азаматтың арызын қабылдап, осы күнге дейін шағын кәсіптен нәсібін табамын деген 55 тұрғынға 91 млн. теңге көлемінде несие алып берген. Аудандағы орталықтың жұмысымен танысқан облыс әкімі кәсіпкерлерге қызмет етіп отырған мамандардың білікті болуын тілге тиек етті.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ZKt-hd5BJUk[/youtube]