Оңтүстіктегі мал сою орындары санитарлық талаптарға сай емес. Бұл ереже бұзушылық фактілерін өңірлік прокурорлар анықтап отыр. Соның салдарынан талапқа сай емес 10 мал сою орнының жұмысы тоқтатылған. 23 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр.
Бұған қоса мал базарлары да тиісті санитарлық талаптарға сай келмейтіні әшекере болды. Ол аз десеңіз, жауапты органдар жануарларды белгілей жұмыстарын тиісті дәрежеде жүргізбейтіні анықталды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=gFAp8rrfIWg[/youtube]
Мысалы, Отырар ауданындағы «Қараой» шаруа қожалығындағы 5 мыңға жуық қойдың ешқайсысының құлағына сырға тағылмапты. Ал мәліметтер қорында бұл түліктің барлығы сырғаланған деп көрсетілген. Мұндай өрескел тәртіп бұзушылықтар облыстың барлық аудандарында кездеседі дейді прокурорлар.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=VjNrZeZn_r0[/youtube]