Жүргізуші күәлігіндегі чипке жұмсалған ақша босқа кеткен! Оңтүстік Қазақстанның прокурорлары өңірдегі жүргізушілер куәліктеріндегі чиптердің жұмыс істемейтінін анықтады. Кезінде жаңалық деп аталған бұл куәліктерді әзірлеу үшін былтыр 90 миллион, ал биыл 103 миллион теңге бөлінгені бар. Ал жол полициясының басшылығы мұның бәрін жоққа шығарып отыр.
Бұл жаңа үлгідегі жүргізуші куәліктері 2005 жылдан бастап қолданысқа енгізілген еді. Ондағы чиптерде куәлік иесі туралы барлық ақпарат, жүргізушінің бұған дейін жол жүру ережесін бұзғаны мен айыппұлды төлеген-төлемегені жазылуы тиіс болатын. Алайда, миллиондаған теңге бөлінгеніне қарамастан бұл жаңалық жүзеге аспай қалды. Мұны прокурорлар анықтап отыр.
Ал жол полициясының басшылығы мұнымен келіспейді. Айтуларынша, тексеру жүрген сәтте терминалдар үшін ақша төленбепті. Ал қазір ол қондырғылар тиісті дәреже жұмыс істейді деп, өзінің жеке куәлігін тексеріп, дәлелдеп берді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=_tpaqRTK23k[/youtube]
Прокурорлар электронды жүйе жұмыс істемегендіктен, өрескел заң бұзушылар жазасыз қалуы мүмкін деп қауіптенеді. Себебі, бір жылда 3 рет жол жүру ережесін бұзған адам куәліктен айрылуы тиіс. Қалай болғанда да қазір тексеру жалғасуда. Оның нәтижесі алдағы уақытта жарияланады дейді өкілетті орган.