Көптен бері жанкүйерлердің «қаһарына» ұшырап келген «Ордабасының» бойына қан жүгіре бастады. Тіл-көзіміз тасқа дейік. Сүйікті командамыз ҚР Премьер-лиганың 19 турынан кейін жалпы есепте 3 орынға шықты.
Шүкір дейік, әр ойын сайын «ордабасылық-тардың» ойынына әр кіре бастады. Үйде болсын, түзде болсын жігіттеріміздің шабысы ширақ. Өткен турда «Ақжайық» футболшыларын сырт алаңда 1:2 нәтижесімен ұтқан еді. Жеңісті дәстүр өз алаңымызда жалғасты. Қуанышымызға орай, Өскеменнен келген қонақтарды 4:1 есебімен үйіне қайтардық.
Ең әуелі «қара маржанымыз» Эндрю Мвесигваның өнеріне сүйсінгенімізді айта кетейік. Ол өңірімізде бекер жүрмегенін ұғындырды. Ойынның он екінші минутында-ақ гол салып, әріптестерін қанаттандырып қойды. Осыдан кейін футболшыларымыз құйындай орғып, өскемендіктердің құтын қашырды. Жанкүйерлерге де керегі осы. Қайта-қайта қарсыластар қақпасын нысанаға алған жерлестеріміз ақыры дегеніне жетіп тынды. Төрт голмен тұқыртып тастадық. Ал қарсыластарымыз бар болғаны бір голмен жауап қатты.
Турнир кестесіндегі қазіргі жағдайымыз көз сүйсінтеді. Біздің меже – көрсең көзің тояр үшініш орын. «Ордабасының» бұдан кейін де ойыны оңала бергей! Біздің бар тілеуіміз осы.
Тағабай ҚАСЫМ