Ауыр жұмыстан соң, дұрыс тынығу да өнер. Отырар телеарнасының ұжымы кәсіби мерекесін салқын суда атап өтті. Арна ұжымына мұндай сыйды жасаған қаламыздағы «Дельфин» аквабағы. Суға шомып, күнге қыздырынған қандай екенін тілшіміхз айтып берсін.
«Отырар» телеарнасының ұжымы кәсіби мерекесін Дельфин аквабағында тойлауды ұйғарды. Бұл дегені- жұмыс туралы бір ауыз сөз айтылмайды. Күннің шуағына қыздырынып, суға шомған шығармашыл жандар бір сәтке болсын сергіп қалды.
Мұрат Байбосынов, «Дельфин» аквабағының директоры: «Дельфин» аквапаркі ұжымы «Отырар» ТВ ұжымын өткен журналистер мерекесімен құттықтайды. Сіздерге творчестволық табыс және көрермендеріңіздің аудиториясы көбейе беруіне тілектеспіз. Барлықтарыңызды біздің «Дельфин» аквапаркіне келіп, уақытты жақсы өткізуге шақырамыз».
«Дельфин»аквабағы осылайша отырарлықтардың басын бейресми жағдайда қосты. Телеарна қызметкерлері бұл күні туған-туыстарын да ала келіп, әріптестерімен де көңіл көтерді???. Бауырларын да риза етті.
Мейірбек Төлебай, «Отырар» телеарнасының телеоператоры: «Мынадай күннің ыстығында суға түсіп, шомылғың келеді. Ұйымдастырушыларға рахмет. Жақсы демалыс болып жатыр».
Данияр Құдайбергено, «Отырар» телеарнасының тілшісі: «Демалыс жақсы өтіп жатыр. Өткен демалыс күндерінде күн бұлтты болғасын бұл жолы да суға шомылуға келе алмаймыз ба деп ойлап едім. Жоқ. Қуанышқа орай, күн де шуағын төгіп тұр. Су да жаныма жағып барады. Қызмет көрсету де керемет. Сондықтан мұнда күнде келсеңіз де өкінбейсіз».
«Дельфин» аквабағы қонақтарына дастархан да жайып, дәм татырды. Жанды әуен аясында тыныққан біздің қызметкерлер күн қарайғанша суға түсіп, тынықты.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=YdRYEcuWnUg[/youtube]