Пәтер бағасы әртүрлі

Олардың мәліметінше, соңғы екі айда екінші деңгейдегі пәтерлердің бағасы қала бойынша 10-15%-ға төмендеген
Олардың мәліметінше, соңғы екі айда екінші деңгейдегі пәтерлердің бағасы қала бойынша 10-15%-ға төмендеген
Олардың мәліметінше, соңғы екі айда екінші деңгейдегі пәтерлердің бағасы қала бойынша 10-15%-ға төмендеген

Шымкентте пәтер бағасы арзандады. Бұл туралы жылжымайтын мүлік агенттіктері жарыса жариялауда. Олардың мәліметінше, соңғы екі айда екінші деңгейдегі пәтерлердің бағасы қала бойынша 10-15%-ға төмендеген. Бұл шамамен 2-3 мың долларды құрайды.

Алайда, тұрғын үй нарқына күмәнмен қарайтын көпшілік бағаның төмендегеніне сенбейді. Көпшілік көңіліндегі күдікті облыстық статистика департаментінің мамандары да растайтын секілді. Ресми мәлімет бойынша екінші деңгейдегі пәтерлердің бағасы маусым айында қымбаттаған. Бүгінгі таңда ортаңғы қабаттағы бір бөлмелі пәтердің бағасы 26-30 мың доллар аралығында. Екі бөлмелілер орташа алғанда 35-40 мың долларға бағаланып отыр. Үш бөлмелі пәтер 40-50 мың доллардың аралығында саудалануда. Онымен қоса баға пәтер орналасқан аудан, үйдің сериясы, қабатына байланысты өзгеріп отыратыны белгілі.

Тиісінше, орталықта 10-12%-ға қымбат болса, қала шетінде арзандау. Бүгінгі таңда «Жоғарғы Отырар» шағынауданында, Тұрар Рысқұлов көшесіндегі ІІМ мектебіне қарсы беттегі үйлердің үлгісі көпшілік көңілінен шығады. Ондағы баға қала бойынша ең жоғары саналады. Қала орталығындағы Айбергенов көшесі, Республика және Бейбітшілік даңғылындағы үйлер 1965 жылдары салынған. Алайда, ескі болғанына қарамастан құны қымбат. Мұндағы пәтерлердің жобасы да жұртты қанағаттандырады. Бөлмелері тар болса да мұндағы баспаналар үлкен сұранысқа ие. Ал Қорғасын зауыты, СМУ-4 секілді шағынаудандардағы үйлердің бағалары біршама арзан.

Мақпал РЫСБАЕВА