«Сәт» тобы бейнебаян түсірді

1108
"Сат" тобы

Жасыл желекті Шымқаланың мерейін асыратын ән мен жанданған би қаламызда жәй орындалған жоқ. Мұнда «Сәт тобы» және жас әнші Ақниет Олжаның «Шымқала» (сөзі, әні авторы Сәбит Әбдіхалықов) әніне бейнебаян түсіріліп жатыр. Топтың әншілері 5 жылдан бері қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздарына айналып, тыңдарманға құлақ құрышын қандыратын әндерді сыйлап жүр. Десек те «өнер жолы-ауыр жол».

Жалқаулықты көтермейді, үлкен ізденісті, тер төгуді талап етеді. Мүмкіндігі шектеулі жандар тұрмақ, он екі мүшесі сау адамның өзіне оңай емес. Өнер өлкесінде өрлеу үшін күн-түн демей еңбек етеді. Халықтың жүрегінен орын алуы маңызды. Бәлкім бұл да жас әнші Азат Әбілдаевты шаршатқан болса керек.

"Сат" тобы
«Сат» тобы жаңа бейнебаян түсірді

Азат Әбілдаев, «Сәт» тобының әншісі: «Бәлкім екі көзім аман сау тұрғанда, өнер жолына жолмамаймын деп айтпасам да, бірақ аздап тоқтататын едім».

Сапарбай Алтыбай, «Сәт» тобының әншісі: «Сіздердің әрқайсысыларыңыздың ойыңызды сезіп, біліп отырмыз. Көйкейлеріңізде тұрған сауал — топтың үшінші әншісін іздейтіндеріңізді білеміз, әрине. Тұрар досымыз қазір денсаулығына байланысты, өнер жолынан қол үзіп қалды аздап. Бірақ болашақта біздің ортамызға оралып, бізбен бірге ән айтады деген үміттеміз. Биыл енді Алла қаласа алдымызда жақын арада шыққан «Қош, махаббат» атты бейнеклипті көрдіңіздер. Жуырда «Шымқала» бейнебаянымыздың тұсаукесері өтеді. Жоспар өте көп. Әлі талай-талай бейнеклиптер мен әндер жарыққа шығады, бұған өздеріңіз куә боласыздар».

Қаламыздағы «Тәуелсіздік» саябағында түсірілімі өткен бейнебаянға атсалысып,

Мектеп оқушылары
Мектеп оқушылары

болысқандар да аз емес. Солардың бірі — Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушылары. Көңілді ырғақты және патриоттық тақырыппен астасқан флэшмобта би билеп, сәнін кіргізіп жүр. 14 жастағы Мәдина Тұяқ «Сәт» тобының тыңдарманы. Ә дегеннен -ақ «Шымқала» әнінің сөзін жаттауға кіріскен.

Мәдина Тұяқ, оқушы: «Бүгінгі күні мен өте қуаныштымын. Себебі «Сәт» тобының алдын тек концерттерін сырттан тамашалайтынмын. Бүгін әншілерді өз көзіммен көріп, тілдесу мен үшін үлкен қуаныш, мәртебе. Қазіргі кезде «Сәт» тобының жаңа әніне арналған бейнеклипіне түсіп жатырмын. Және менің алғысым шексіз».

Бейнебаян түсіру шарасы «Сәт» тобы мен жастолқынның сұрақ-жауап кездесуіне ұласты. Өнер иелерінен шығармашылығына байланысты, бұған қоса жеке өміріне қатысты сауалдар қойылды. Түрлі республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты болып үлгерген Азат пен Сапарбайдың бүгінге дейін 30-дан астам әндері мен 5 бейнебаяны жарық көрген. Қазіргі уақытта олар жаңа әндер жаздырып жатыр.

«Сәт» тобы 2008 жылы құрылған. Сол жылы-ақ республикалық «Жұлдыз-ай» байқауының Гран-Приін жеңіп алды. 2009 жылы Көкшетауда «Балдәурен» байқауында бас жүлдені иемденді. Сол жылы «Балауса» байқауында да ең үздік танылып, бас жүлдеден көрінген. Ал 2010 жылы «Көнеміз ғой» әніне ОҚО-ның «Жылдың Үздік әні» аталымы берілді.